Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

26 мамыр 2017

Баспасөз хабарламасы


Алматы қ.                                                                                  26.05.2017 ж.


Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен ШҚО әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

25 мамырда Өскемен қаласында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниял Ахметов «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімде пилоттық жоба – жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жайында сөз қозғалған. Құжатқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жер бөледі, бірыңғай үлгідегі үйлердің құрылысын ұйымдастырады және оларға коммуникация тартады. Салынған тұрғын үй 1 шаршы метріне 120 000 теңгемен кезектегілерге ұсынылмақ. Олар бұл үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жеңілдігі бар заемдарының көмегімен сатып ала алады.
Ләззат Ибрагимова мен Даниал Ахметов Семейде де жеке тұрғын үй құрылысына қарқын беруге келісті. Бұл өз алдына бөлек бағдарлама болмақ. Қалада шаршы метрлерге деген сұраныс өте үлкен, тұрғын үйдің кезегінде 10 мың адам тұр.
- Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы – өзінің аймақтық тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асырып жатқан еліміздегі бірден-бір өңір. Облыс бюджетінен тұрғын үй құрылысына қосымша қаржы бөліп отыр. Бұл бағдарлама бойынша салымшыларға 8,5-9,5%-бен емес, «Нұрлы жер» бағдарламасындағыдай жеңілдігі бар мөлшерлемемен – 5%-бен кредит беру мәселесін мемлекеттік органдармен бірге қарастырып жатырмыз. Пайыздық мөлшерлемелерді азайту үшін мемлекеттің банкке бөлген ақшасы бұған толық жетеді, – деп мәлімдеді Ләззат Ибрагимова.
Жұмыс мәселелері талқыланғаннан кейін ҚТҚЖБ басшысы мен облыс әкімінің орынбасары Қуат Тұмабаев өңірлік бағдарлама аясында тұрғын үй алған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына пәтер кілтін тапсырды. Пәтер сатып алушылардың пулына 90 клиент кіріп отыр.
Жалпы алғанда, биыл өңірде банк салымшыларына 980 пәтер өткізу жоспарланып отыр.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк болып табылады.

 БАҚ үшін қосымша ақпарат:
+7 (727) 279 35 11 (іш. 00344/00544/00271),
[email protected]
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру