Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің БҚО-дағы клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің шаршы метрін 120 мың теңгемен ала алады

Баспасөз-релизі: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің БҚО-дағы клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің шаршы метрін 120 мың теңгемен ала алады

5 шілде 2017

Баспасөз хабарламасы
Орал, Қостанай, Тараз                                                                                                           5.07.2017ж.
   
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің БҚО-дағы клиенттері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің шаршы метрін 120 мың теңгемен ала алады

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) Басқармасының Төрайымы Ляззат Ибрагимова және Батыс Қазақстан Облысының әкімі Алтай Кульгинов «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді жеке тұрғын үйлер бағдарлама аясында шаршы метріне 120 000 теңге көлеміндегі бағамен өткізілетін болады. Ол үйлерді жекеменшік құрылыс салушылар салады. Тұрғын үй құрылысын салушылар мемлекеттен 7%-бен алатын кредит бойынша көмекқаржының арқасында құрылыстың бағасы төмендетілді.
Бұл өңірдегі жер телімін алу үшін кезекте тұрған адамдар саны – 100 000 қатарын құрайды. Олар үшін алғашқы типтік коттедждерді Федоровка, Тоқпай, Переметное и Дарьинск ауылдарында салу жоспарланып отыр. Жалпы айтқанда, 1 700 кезекте тұрғандар жер телімін дайын үйімен бірге алатын болады. Ал, ол үйлерді сатып алуда оларға, әрине, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық 5 %-бен қолжетімді заем бере отырып, көмектеседі.
Сонымен қатар, Орал қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 7 көппәтерлі тұрғын үй салынып бітті. Оның 504-пәтерден тұратын үшеуі «Бәйтерек девелопмент» желісі бойынша салынған. Қазір 144 пәтер иесі Ляззат Ибрагимованың өз қолынан пәтер кілттерін алды.
«Өз баспанаңның болғаны отбасылық қарым-қатынасқа, қоғамдағы тұрақтылыққа қатты әсерін тигізетінін білеміз. Сол себепті, Біз мемлекеттік бағдарламалармен қатар қатысушылардың ортасын ұлғайтатын жеке бағдарламаларды да іске асырудамыз – деп Ляззат Ибрагимова ақпараттарымен бөлісті - Мен банк салымшыларына өткізілетін тұрғын үйлердің бағасын жергілікті құрылыс салушылармен талқылау үшін БҚО-ға әдейі келдім, ҚТҚЖБ-ның ұстанатын бағасы – тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы 140 000 теңгеден аспауы тиіс - деді Басқарма Төрайымы.
Әңгіме «Өз үйім» жеке бағдарламасы туралы болып отыр. Осы бағдарлама аясында биылғы жылы Ішкі істер департаментінің бірден 106 қызметкері қоныс тойын тойлауға дайындық үстінде. Ал, 2018 жылы осы бағдарлама аясында Батыс-Қазақстан облысының тағы 300 тұрғыны жеке пәтерлеріне ие болады. Олардың қатарында да ішкі істер қызметкерлері және осы өңірдің басқа ұйымдарының қызметкерлері бар.
Қазіргі таңда, қоныс тойын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қостанай және Тараздағы салымшылары да тойлау үстінде.

Бүгін Қостанай облысының 75 тұрғыны шаршы метрінің бағасы 117 680 теңгені құрайтын жаңа пәтерлерінің табалдырығын аттайды.
Таразда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 80-пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Үйлерді бөлу рәсімдері үш нысан бойынша жүргізіліп те қойды. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің алғашқы 64 салымшысына пәтер кілттері табысталды, тағы 400 адам өз армандарына қол жеткізіп, тамыз айында баспанаға ие болады.
***
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ - елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ баспасөз қызметі
+7 (727) 279 35 11 (і\н. 00526),
[email protected]

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру