Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті салымшылар!

18 марта 2020
Тәуліктің кез-келген уақытында шотыңыз жайлы және өзге де қаржылық ақпаратты қашықтықтан қалай алуға болатындығын естеріңізге саламыз:

1. Интернет-банкинг пен "ЖССБ 24" мобильдік қосымшасында сіз өз шотыңыз бен банк өнімдері жайлы толық ақпаратты ала аласыз;

2. «Telegram» мессенджеріндегі ТҮҚЖБ чат-ботында депозит, несие, арнайы шот, балама коды туралы мәліметтер бар. Сіз, сондай-ақ, ол жерде несиені өтеу, депозитті толықтыру, кезекті брондау, жинақтау, несиелендіруге қатысты қажетті кеңестермен қоса, банк/терминал мекенжайларын да біле аласыз.
Чат-боттың сілтемесі: http://t.me/quanysh_bot

3. Бұған қоса, 300 нөміріне қоңырау шалып, дауыстық өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі арқылы:
- "Мемлекет сыйлықақысы" белгісімен депозит қалдығы;
- әскери қызметкерлердің арнайы шоты мен ағымдағы шотының қалдығы;
- несие (қарыздың жалпы сомасы, келесі төлемнің сомасы мен мерзімі) жайында ақпарат алуға болады.
Сіз IVR жүйесін банкпен жасасқан келісімшартта көрсеткен телефон нөміріңіз арқылы ғана қолдана аласыз.

Деніңіз сау болсын!
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру