Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қырғызстанның мемлекеттік ипотекалық компаниясы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәжірибесін қолданатын болады

Қырғызстанның мемлекеттік ипотекалық компаниясы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәжірибесін қолданатын болады

25 мамыр 2018
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қырғыз Республикасындағы серіктесі «Мемлекеттік Ипотекалық Компания» ААҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісім тәжірибе алмасу мен ипотекалық нарықтың дамуына себептесіп қана қоймай, Қырғыз Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қалыптасуына және дамуына үлес қосатын болады.

- Үш жыл бұрын, 2015 жылы тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін біздің елде «Қолжетімді баспана 2015-2020» бағдарламасы қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның аясында тұрғын үй несиелендіруі саласындағы арнайы уәкілетті орган «Мемлекеттік Ипотекалық Компания» ААҚ құрылды. Осы уақыт ішінде біз 3 000-нан астам азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ете алдық. Алдағы уақытта бұдан әрі дамып, еліміз үшін жаңа саналатын механизмдерді енгізу жоспарланып отырмыз. Қазір бізге «Баушпаркассе» неміс моделіне негізделген тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін өз жерінде 15 жыл бойы сәтті жүзеге асырып келе жатқан қазақстандық әріптестеріміздің тәжірибесі қызық. Бұл модель – табысы орта және төмен азаматтарды ипотекалық тұрғын үймен қамтамасыз етудің негізгі және маңызды құралдарының бірі. Қырғыз Республикасы азаматтарына да ең қолайлы шарттармен баспаналы болу үшін бізге аталған жүйенің жұмыс ерекшеліктерін білген, әдіс-дағдыларын игерген маңызға ие, - деп атап өтті меморандумға қол қоюға арналған салтанатты шарада МИК басқарма төрағасы Бақтыбек Шамкеев.

Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – еуропалық әріптестерінің тәжірибесін қолданып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асырып отырған посткеңестік кеңістіктегі жалғыз қаржы институты. Бұл жүйе аясында салымшылар депозитте қажет қаражат көлемін жинап, артынша 3,5-5% аралығындағы төмен мөлшерлемемен заем ресімдеу арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарта алады.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – клиенттеріне баспанаға деп ақша жинауға мемлекет көмектесетін Қазақстандағы жалғыз банк. Мемлекет жыл сайын қазақстандықтардың салымына 20% көлеміндегі сыйлықақы аударады. Мұндай бонус 200 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 481 000 теңгеден аспайтын салым сомасы бойынша есептеледі. 2018 жылдың нәтижесі бойынша банк клиенттері алатын ең жоғарғы сыйлықақы көлемі 96 200 теңгені құрайды. Жалпы алғанда банк сыйақысы мен мемлекеттік сыйлықақыны қосқанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиттері салымшыларға жылдығы 13,3%-ға дейін баратын табыстылық бере алады.

Мұндай мемлекеттік қолдау бен тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолжетімді шарттары қазақстандықтардың сенімін арттырып отыр. Қазір 1 млн 100 мың адам, яғни елдің экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігінің 12,8%-ы тұрғын үй құрылыс жинағын ашып, ақша жинауда. 598 миллиард теңгені құрайтын депозиттік база көлемі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне барлық екінші деңгейлі банктер арасында халықтың ұзақмерзімді салымдары нарығы бойынша бірнеше жыл бойы бірінші орынды сақтап тұруға мүмкіндік беріп келеді.

- Тәжірибемізбен бөлісу, әсіресе, жақын көршімізбен серіктес болу – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі үшін үлкен құрмет. Қазақстанның ипотекалық несиелендіру нарығындағы банктің үлесі бүгінгі күні 35%-ды құрайды. Жыл сайын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі орта есеппен тұрғын үй сатып алуды 170 миллиард теңгеге қаржыландырады. 2017 жылы банк 243 миллиард теңгеге займдар берді, бұл елдегі барлық ипотеканың төрттен үшіне тең. Қызметін бастағалы бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 850 миллиард теңге шамасындағы сомаға займдар ресімдеп, 140 мыңнан астам Қазақстан азаматына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Ол банк негізі қаланғалы бері қаржы институтының барлық мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына белсенді түрде қатысып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі – «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы. Аталған бағдарлама аясында 2017 жылдың басынан бері (1 жыл 4 ай ішінде) Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша 7,5 мың пәтер сатылған. Бұдан бөлек 5,7 мың пәтер бүкіл Қазақстан бойынша пайдалануға беріліп, банк салымшылары арасында бөлістіру рәсімінен өтіп жатыр. Сондай-ақ 2018 жылдың соңына дейін тағы 14 мыңнан астам пәтер салынып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын барлық нысандар туралы ақпарат baspana.kz сайтында жарияланады. Мұнда қолжетімді үй алудан үміткер азамат пәтер алғысы келетін қаланы таңдап, салынып жатқан нысандар, өтініштердің қабылдануы туралы біліп, ұнаған пәтерді таңдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш бере алады.

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғандар:
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тарапынан: Ләззат Ибрагимова – Басқарма Төрайымы
«Мемлекеттік Ипотекалық Компания» ААҚ тарапынан: Бақтыбек Шамкеев – Басқарма Төрағасы

Қол қою салтанатты шарасына қатысқандар:
Олег Панкратов – Қырғыз Республикасының экономика министрі
Анвар Абдраев – «Қырғызстанның банктер одағы» ЗТБ президенті
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрайымының орынбасарлары Жанар Жұбаниязова және Әділет Қожанбаев.
Қырғыз Республикасы Үкіметі Аппаратының, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қордың, Қырғыз Республикасының Ұлттық банкінің өкілдері және «Мемлекеттік Ипотекалық Компания» ААҚ серіктестері.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру