Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті клиенттер!

1 сәуір 2020
Енді тұрғын үй төлемдерін алушылар ЖССБ24 мобильдік қосымшасының көмегімен өз телефоны арқылы депозит, несие, жалдамалы тұрғын үй үшін ақша аудара алады.

Ол үшін мобильдік қосымшаға кіріп, «Менің арнайы шотым» бөліміндегі «Аударымдар» батырмасын басуыңыз керек . Одан кейін, қаражатты қайда аударғыңыз келетінін таңдаңыз (депозит, жалдамалы тұрғын үй немесе несие). Депозитті толықтыру үшін қажетті соманы енгізіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Бірнеше секундтан кейін сізге бірретік код көрсетілген СМС хабарлама келеді. Сол кодты енгізіп, операцияны растауыңыз қажет.

Егер сіз несие немесе жалдамалы үй үшін ақша аударғыңыз келсе, онда «Аудару» батырмасын баспастан бұрын, жеке немесе заңды (компания) тұлғаның қайсысына ақша аударғыңыз келетінін таңдауыңыз керек. Одан кейін, қаражатты алушының реквизиттерін енгізіңіз (жеке тұлғаның ЖСН-і, заңды тұлғаның шот нөмірі). Сосын, сома мөлшерін көрсетіп, «Аудару» батырмасын басыңыз. Сол кезде төлемді растау үшін сізге бірретік коды бар СМС хабарлама келеді. Толық нұсқаулық мына жерде
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру