"Әскери Баспана" бағдарламасы

"Әскери Баспана" бағдарламасы

8 июня 2021
"Әскери Баспана" бағдарламасы бойынша кезекті өтінімдер қабылдау 11 маусым күні таңғы сағат 10:00-де басталады (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен)

Маусым айында "Әскери Баспана" бойынша лимит - 360 өтінім.

Өтінімді беруге алдын ала дайын болыңыз.

✅ Дербес компьютер немесе ноутбукты дайындаңыз (мобильді нұсқада бұл функция қол жетімді емес).
✅ Тұрақты интернетті қамтамасыз етіңіз.
✅ Банктің http://online.hcsbk.kz сайтындағы жеке кабинетіне кіріңіз.
Көмекші ретінде сілтеме бойынша https://www.youtube.com/watch?v=Q6HV4C99Hg0 бейне нұсқаулықпен танысыңыз.

Өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі! Сондықтан, егер сіз алдағы 2 айдың ішінде несие алуды жоспарламасаңыз, асықпаңыз.

"Әскери Баспана" бағдарламасы бойынша келесі шарттармен несиеге алуға болады:

8-15
Несие мөлшерлемесі-8% (СЖТМ 8,3% - дан бастап), кейіннен несие мөлшерлемесін 3,5% - ға дейін төмендейді.
Бастапқы жарна-15%

БАҒДАРЛАМА Тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған.

Құрметпен, Отбасы Банк.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру