әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғарғы мектебі «Экономика» кафедрасының оқытушылары (https://www.kaznu.kz/ru/10706/page/) мен «Отбасы Банк» АҚ қызметкерлері болашақ мамандарды бірлесіп оқытпақ. 2022 жылдың 20 маусымында Басқарма мүшесі – Оқу ісі жөніндегі проректор Фатима Жақыпова мен Отбасы Банкінің HR директоры Асыл Айтқұлов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат аясында бірлескен оқыту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттерді жұмыс тәжірибесінен өткізу және оларға қолданбалы дағдыларды үйрету мәселелері, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылады. Асыл Айтқұлов, «Қаржы секторының білім үрдісіне қатысуы мен өзара ынтымақтастығы, университеттің білім беру жүйесіне жаңа импульс беріп, студенттердің кәсіби деңгейінің өсіп, еңбек жолында қажетті тәжірибе жинауға мүмкіндік беретінін» атап өтті.
Vk: https://vk.com/kazuniversity
Facebook: https://www.facebook.com/KazakhNationalUniversity
Instagram: https://www.instagram.com/KAZNU_FARABI/
ВШЭБ: https://instagram.com/hseb_kaznu
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!