Отбасы банк" АҚ Алматы қаласындағы филиалы (бұдан әрі – Банк) Сізге сенім білдіргені және тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесіне қатысқаны үшін өз ризашылығын білдіреді.
24.07.2020 ж. " TEES " ЖШС-мен жасалған 682 пәтерді сату бойынша "Өз үйім" бағдарламасы бойынша ынтымақтастықтың стандартты шарттарына қосылу туралы өтініш шеңберінде, Банк Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай данғ, №164 учаскелері (бұдан әрі-Объект) мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй құрылыс объектісі: TERRACOTTA ТК (құрылыстың бірінші кезегі, 2,2/1,5,8,10 ноқаттар), (құрылыстың екінші кезегі, 4,7 ноқаттар) келісілді. Объектінің "Қазақстан Тұрғын үй компаниясы" АҚ (бұдан әрі – ҚТК) тұрғын үй құрылысына кепілдігі бар.
13.10.2021 ж. № 11 "TEES" ЖШС-нен түскен хатқа сәйкес, сондай-ақ "TEES" ЖШС мен ҚТК кепілдік беру туралы шартқа 28.09.2021 ж. № 3 қосымшасына келісім негізінде Банк Сізге объект құрылысын аяқтау мерзімі 31.01.2022 ж. дейін ауыстырылатыны туралы хабарлайды.
Қазіргі уақытта " TEES " ЖШС құрылыс барысын жеделдету және объектіні пайдалануға беру бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдауда.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!