Құрметті Клиенттер! | «Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік бақылау шеңберінде қаржылық мониторинг субъектілеріне қатысты тексеру іс-шараларын өткізетінін назарларыңызға жеткізеді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрметті Клиенттер!

16 мамыр 2022

«Отбасы банк» АҚ Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау бойынша мемлекеттік бақылау шеңберінде келесі аталған қаржылық мониторинг субъектілеріне қатысты тексеру іс-шараларын өткізетінін назарларыңызға жеткізеді:

1. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;
2. заң консультанттары мен заң мәселелері жөніндегі басқа да тәуелсіз мамандар;
3. лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
4. зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын тұлғалар;
5. жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызмет көрсететін тұлғалар.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген субъектілер қызметінің басталғаны туралы (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдарды және кәсіби бухгалтерлерді қоспағанда) elicense.kz сайтында хабарлама беруге міндетті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған барлық субъектілер міндетті түрде Агенттіктің https://www.web-sfm.kfm.kz/ сайтында тіркеуден өтуі тиіс.

Заңнама талаптарын (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214, 462, 463 баптары) орындамағаны үшін айыппұл санкцияларының қолданылуын болдырмау үшін хабарлама беру және тіркеуден өту қажет.

Туындаған сұрақтар бойынша Агенттікке келесі байланыстар бойынша хабарласу қажет:

Ø    Омурзак Болатович Манаспаев, тел: 8-700-0000-922;

Ø    Дархан Онгарович Кажибаев, тел: 8-747-222-18-66;

Ø    Куаныш Найруллаевич Ахметов, тел: 8-701-925-77-53.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Алаяқтық фактісі (күдігі) туралы хабарлау
Сіз алаяқтарға жеке деректеріңізді бердіңіз, шотты бұғаттау қажет
Сіз алаяқтарға ақша аудардыңыз
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек
Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз
Сұрағыңызды қойыңыз
Чаттан сұрау
Қоңырауға тапсырыс беру
Бейне кеңес беру
Онлайн жазылу
Байланыстар

Қоңырауға тапсырыс беру

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру