Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

16 марта 2021

Ақпараттық хабарлама

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) бірқатар БАҚ-та жарияланған baspana.kz сайтында Шымкент қаласы бойынша пәтерлерді брондау кезінде туындаған жағдайға қатысты төмендегіні хабарлайды.

2020 жылғы 15 мамырда Банк пен Шымкент қаласының әкімдігі арасында Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданындағы нысандар бойынша Ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған нысандарда тұрғын үйлерді сату «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының (екі кезеңде – негізгі конкурс және тікелей сату) бұрын қолданыста болған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған нысандардағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 180 000 теңгені құрады.

2020 жылғы 4 қыркүйектен бастап 4 қазанға дейін негізгі конкурс (балдық жүйені қолданумен) өтті, оған ЖАО-да кезекте тұрғандар ғана қатысты.

Осы нысандарда бөлінбеген тұрғын үйдің болуына байланысты 2021 жылғы 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес ЖАО-да кезекте тұрған және кезекте тұрмайтын Банктің барлық салымшылары арасында тікелей сату тәсілімен (баллдық жүйені қолданбай) тұрғын үйді сату жарияланды.

10 наурыз күні Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 0:00-де қалған 425 пәтерді тікелей сату әдісімен сату басталды. Бір шаршы метрге тұрғын үйдің жеңілдікті құнын ескеркенде, нысандарға қызығушылық жоғары болды. 09 наурыздан 10 наурызға қараған түні baspana.kz сайтына бір уақытта кірген 10 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді, бұл жылжымайтын мүлік порталының баяу жұмыс істеуіне әкелді. Осылайша, бір пәтерге 25-ке дейін адам өтініш білдірді.

Қазіргі уақытта банк сайт жұмысын оңтайландыру бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіп жатыр, бұл жылжымайтын мүлік порталының өткізу қабілетін айтарлықтай арттырады. Енді тұрғын үйді сату 3 кезеңде жүзеге асырылады:

1. Негізгі конкурс (балдық жүйені қолданумен) ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында ғана өткізіледі;
2. Қосымша конкурс (балдық жүйені қолдана отырып) ЖАО-да кезекте тұрмайтын Банк салымшылары арасында ғана өткізіледі;
3. Тікелей сату (балдық жүйені қолданбай) ЖАО-да кезекте тұрғандар болып Банктің барлық салымшылары арасында жүргізіледі.

Пәтерлерді брондаудан кейінгі күні Krisha.kz сайты арқылы сату фактісі туралы сюжетте айтылған мәлімдемелерге қатысты, бұл мүмкін емес екенін хабарлаймыз. Пәтерді брондау процесі аяқталғаннан кейін әр қатысушы төлем қабілеттілігін бағалаудан өтіп, банктік қарыз шартын жасасуы керек, содан кейін, мерзімінен бұрын өтелген немесе толық сатып алынған жағдайда ғана клиент жылжымайтын мүлікке иелік етуге, яғни оны сатуға құқылы.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру