Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті Клиенттер!

6 сәуір 2022
Несиені тек мерзімінен бұрын ішінара және мерзімінен бұрын толық өтеу операциялары, тіпті заемшылас адам болған жағдай да банкке бармай-ақ, яғни толықтай онлайн форматта жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

Бұл операциялар www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкингінде немесе Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы онлайн орындалады.

Несиені мерзімінен бұрын онлайн өтеудің 8 қадамы:

1. Отбасы Банкінің www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкингте немесе Otbasy bank мобильді қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
2. Ішінара /толық мерзімінен бұрын өтегіңіз келетін несиені таңдаңыз:
- егер Otbasy bank мобильді қосымшасы пайдаланылса, онда алдын ала "операциялар" бөлімінде "несиелер" (заемдар) пернесін басып, " мерзімінен бұрын өтеу", содан соң несие өтеу түрін таңдаңыз.
- егер www.hcsbk.kz сайтындағы интернет-банкинг пайдаланылса, онда қажет несиені таңдайсыз, одан кейін қолжетімді операциялар бөлімінде "мерзімінен бұрын өтеу" пернесін содан соң несие өтеу түрін таңдаңыз
3. Қолжетімді шотты таңдаңыз және өтеу сомасын көрсетіңіз.
БЗТ қолдану кезінде – қажет өтінімді көрсетіңіз;
4. Заемшыласы бар несиені ішінара өтеу кезінде заемшыластың келісімі қажет. Заемшылас міндетті түрде Интернет банкингте тіркелуі тиіс.
5. Өтеу сомасын бөлу есебімен танысыңыз;
6. Мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеуге арналған өтінішпен танысыңыз;
7. Телефонға жіберілген бір реттік SMS кодты енгізіп, «Әрі қарай» пернесін басыңыз;
⠀ Жаңартылған өтеу кестесімен танысыңыз;
8. Смс-код арқылы өтеудің жаңартылған кестесіне қол қойыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мерзімінен бұрын өтеу келесі жағдайларда Онлайн жасалмайды:
• Банкпен ерекше байланысы бар тұлғалардың несиелері;
• Төлемді кейінге шегерілген несиелер;
• Қарыздың мақсатты пайдаланылуы расталмаған және қарыздың 90% - дан астам бөлігі өтелген несиелер;
• "Женил 2" бағдарламасы бойынша берілген несиелер.
• Жер телімін сатып алу, жөндеу және жаңғырту, қайта қаржыландыру мақсатындағы несиелер БЗТ есебінен өтелмейді
• шоттары бойынша шектеулері бар қарыз алушылар

Бұл несие түрлері банк бөлімшесінде ғана мерзімінен бұрын өтеледі.

Құрметпен, Сіздің Отбасы Банк.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру