Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

18 июля 2024

2024 жылдың 15 шілдесінде Отбасы банк өз сайтында "Наурыз" бағдарламасына қатысушылардың тізімін жариялады.

Бұл тізім дұрыс. Онда қатысуға өз өтінімдерін берген "тізімге өтті" және "тізімге өтпеді" мәртебесі бар қазақстандықтардың мәліметтері көрсетілген.

Өкінішке қарай, 2024 жылдың 15 шілдесінде таңертең "Баспана маркет" порталындағы банк клиенттерінің жеке кабинеттерінде (otbasybank.kz) "Наурыз" бағдарламасына қатысушының мәртебесі туралы ақпарат дұрыс көрсетілмеді.

Ақпаратты өңдеудің үлкен көлеміне байланысты (шамамен 40 мың өтінім) техникалық ақаулық орын алды. Оны банк мамандары тез арада жойды. 15 минут ішінде ақпарат жаңартылып, түзетілді. Қазіргі уақытта банк клиенттерінің жеке кабинеттерінде "Наурыз" бағдарламасына қатысу мәртебесі туралы мәліметтер дұрыс көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, ұпайлар автоматты түрде есептеледі және "Наурыз" бағдарламасына қатысушыларға мәртебе банк қызметкерлерінің қатысуынсыз беріледі. Бағдарламаны іске асырудың барынша ашықтығы үшін оның қатысушыларының тізімі (клиенттердің келісімімен) банктің сайтында жарияланды. Әрбір адам өтінімдерді іріктеу және балдарды есептеу нәтижелерімен таныса алады.

Тізімге сілтемелер:
https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/nauryz/
https://hcsbk.kz/to-get-a-loan/nauryz/

Біз орын алған жағдай үшін өкінеміз және шын жүректен кешірім сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру