Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші

Құрметті клиенттер!

4 декабря 2020

Құрметті клиенттер!


Егер сіздердің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бір емес, бірнеше депозиттеріңіз бар болса, онда құлақ түре отырыңыздар. Енді жыл қорытындысы бойынша түсетін мемлекеттік сыйлықақының қай депозитіңізге аударылатынын өзіңіз ғана шешетін боласыз. Оны интернет банктен немесе ЖССБ24 мобилді қосымшасынан таңдауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір салымшы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен бірнеше депозит аша алады, бірақ сыйлықақы олардың тек біреуіне ғана түседі. Біз ЖССБ24 қосымшасында сыйлықақы қай депозитке салынса тиімді болатынын көрсетеміз, алайда біздің пікіріміз сіздің ойыңызбен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан келесі жылдың басында мемлекеттік сыйлықақы түсетін депозитті өзіңіз таңдай аласыз.

Бұл үшін мобилді қосымшада «Депозиттер» бөліміне кіріп, «Операциялар» бөлігінде «Мемлекеттік сыйлықақы статусын алу» функциясын таңдау керек, ары қарай түсінікті әрі оңай нұсқаулықтар арқылы операцияны орындау қажет.

Жинақтарыңыз көбейе түссін!
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру