Жыл соңына дейін 450-ден астам ақтөбелік «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында баспаналы болмақ | Қазірде Ақтөбе қаласында 139 пәтерді бөлу іс-шаралары жүргізілді. Ақтөбе қаласында кезекте тұрғандар «Кендала» ТК мен «Алтын дала» ТК пәтерлердің кілттерін алды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтөбе қаласында жалпы алаңы 30,6 мың шаршы метр болатын 469 пәтер салынып жәнебөлінетін болады. Жыл басынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларында 3 409 пәтер бөлінді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Жыл соңына дейін 450-ден астам ақтөбелік «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында баспаналы болмақ

Жыл соңына дейін 450-ден астам ақтөбелік «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында баспаналы болмақ

28 қараша 2015

Қазірде Ақтөбе қаласында 139 пәтерді бөлу іс-шаралары жүргізілді. Ақтөбе қаласында кезекте тұрғандар «Кендала» ТК мен «Алтын дала» ТК пәтерлердің кілттерін алды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақтөбе қаласында жалпы алаңы 30,6 мың шаршы метр болатын 469 пәтер салынып жәнебөлінетін болады.

Жыл басынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Семей, Павлодар, Қарағанды, Тараз қалаларында 3 409 пәтер бөлінді.

Астана, Ақтау, Қызылорда, Талдықорған қалаларында 941 пәтерді бөлу қосымша жүріп жатыр. Осы қалаларда кілеттерді тапсыру бойынша іс-шаралар ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі деп жоспарлануда.   

Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасыларға, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлерге беріледі.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуде көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі   Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды.

Ағымдағы жылы Холдинг алдында Қазақстан бойынша 401 мың шаршы метр немесе  7 мың пәтерді пайдалануға ендіру бойынша тапсырма тұр.

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 249 мың шаршы метр болатын 4 301 пәтер берілді. Жыл соңына дейін Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Павлодар қалаларында 2,8 мың пәтерді беру қосымша жүргізілетін болады.

Кезекте тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органдарымен іріктеледі және олардың тізімі төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Байтерек» Холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ына (ҚИК) жіберілетін болады.

1 шаршы метрі үшін жалдау құны  Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша қалған ай сайынғы жалдау төлемдеріне тең келетін сомаға сатып алуға болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру