Ерболат Досаев ҚБД-ның Директорлар кеңесін өткізді | «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) лизингтік еншілес компаниясының Басқарма Төрағасы болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ерболат Досаев ҚБД-ның Директорлар кеңесін өткізді

Ерболат Досаев ҚБД-ның Директорлар кеңесін өткізді

19 шілде 2016
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) лизингтік еншілес компаниясының Басқарма Төрағасы болып Нұрлан Байбазаров тағайындалды.

Аталған шешім «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаевтың төрағалығымен бүгін өткен ҚДБ-ның Директорлар кеңесінің (ДК) отырысында қабылданды.

Нұрлан Байбазаров осы лауазымда ағымдағы жылғы 30 маусымында өкілеттілігі тоқтатылған Алексей Боевтың орнын алмастырды.

Нұрлан Байбазаровтың 18 жылдық еңбек өтілі бар, оның 7 жылында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да басшылық қызметтерді атқарған. 2004 жылдан бастап 2011 жылға дейін ҚДМ-ның жобаларға агенттіктік қызмет көрсету басқармасының бастығы, инвестициялық жобалар жөніндегі басқарушы директор, корпоративтік даму департаментінің директоры, корпоративтік хатшы лауазымдарын атқарды.

2013 жылдан бастап бүгінгі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономика салаларын дамыту департаментін басқарды. Сонымен бірге әр жылдарда ұлттық компанияларда, атап айтсақ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз Консалтинг» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметтер атқарды.

Нұрлан Байбазаров Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру