Ерболат Досаев "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің жаңа Төрағасы атанды. | «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Төрағасы болып ҚР Ұлттық экономикасының бұрынғы министрі Ерболат Досаев тағайындалды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Ерболат Досаев "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің жаңа Төрағасы атанды.

Ерболат Досаев "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің жаңа Төрағасы атанды.

16 мамыр 2016

2016051611321231560_1.jpg

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ұлттық экономикасының министрі Ерболат Досаев 5 мамырда Президенттің төрағалығымен  өткен Ақорда жиынында қызметтен кетуге өтініш білдірген болатын.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің  қабылдаған шешіміңізді ескере отырып, Жер кодексінің жаңа ережелері   қажет және өзекті,  әлемдік тәжірибеге сай келеді  деп санаймын. Қоғамда болып жатқан талқылаулар мен қалыптасқан жағдайларға  байланысты, Сізден, Нұрсұлтан Әбішұлы,  менің Ұлттық экономика министрі лауазымынан отставкамды қабылдауыңызды сұраймын. Сондай-ақ, Үкіметтің әр түрлі жоғарғы лауазымдарына тағайындап,  сенім білдіргеніңіз үшін, Сізге және  бірге қызмет еткен Үкімет мүшелеріне  алғыс білдіремін ", - деді Е. Досаев

"Досаев –Үкіметке қажет министрлердің бірі, бірақ, осы жағдайда, мен сіздің отставкаңызды қабылдаймын.  Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Үскенбаевты тапсырылған жұмыстарды атқара алмағаны үшін қызметінен босатамын»,-деді Н.Назарбаев.

Досаев Ерболат Аскарбекұлы 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туылған. Алматы энергетикалық институтын (1993) және Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.  Мамандығы бойынша – электрондық техника инженері.

Еңбек өтілі:
· «Іскер» КҒӨК менеджері (1993-1994);
· «Вега»  МП директорының орынбасары (1994);
· «Акцепт» фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры (1994-1996);
· «Акцепт» корпорациясы» ЖТАҚ директоры, бірінші вице-президенті, Бас директор (1996-1997);
· «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары (02.1997-08.1997);
· «Алматы қаржы-сауда банкі» ЖАҚ Басқармасы Төрағасы (08.1997-03.1998);
· Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі кеңесшісі (03.1998-07.1998);
· ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі (12.1999-07.2001);
· Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі (07.1998-02.2000);
· Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі (02.2000-11.2001);
· Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы (11.2001-08.2002);
· Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің Төрағасы (09.2002-06.2003);
· Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкін басқарушы, Қазақстан Республикасының қаржы министрі (06.2003-04.2004);

· ҚР Денсаулық сақтау министрі (04.2004-09.2006);

· ҚР Экономикалық даму және сауда министрі (09.2012-01.2013);
· Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (16.01.2013-06.08.2014;  04.04.2014ж. бастап қайта тағайындалды);
· ҚР Ұлттық экономика министрі (06.08.2014; 30.04.2015 - 06.05.2016жж. қайта тағайындалды).
Басқа қызметтері:
· РФММ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі;
·«Қазақстанның Ұлттық жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1999-2002);
·«Қазақойл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  (1999-2002);
·«Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» ЖАҚ  Директорлар кеңесінің мүшесі 1999-2002);
· «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2000);
· Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (01.-08.2001);
· «Қазақстан Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (05.2001-03.2002);
· «Қазақстан Даму банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (03.2002-06.2003);
· «шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (08.2002-05.2003);
· «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  (2006);
· «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі,  «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы (12.2006-04.2007), акционері  (04.2016ж. дейін );
· «Alatau Holding Limited» компаниясының директоры  (09.2007);
· «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (10.2012ж. бастап);
· Қазақстан Республикасының қорғаныстық-өнеркәсіптік кешені мәселелрі бойынша Комиссия мүшесі (29.12.2012ж. бастап);
· Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі (30.12.2013ж. бастап)
·Ұлттық комиссияның экономикасын жаңғырту мәселесі бойынша басшысы (30.04.2015ж. бастап)
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру