«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауының жүлде қоры 25 млн. теңгені құрайды | «Болашақ» қауымдастығы жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын бастады, оның мақсаты – жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңінен қолдау болып табылады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауының жүлде қоры 25 млн. теңгені құрайды

«Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауының жүлде қоры 25 млн. теңгені құрайды

20 шілде 2015

«Болашақ» қауымдастығы жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын бастады, оның мақсаты – жас қазақстандықтардың кәсіпкерлік бастамаларын кеңінен қолдау болып табылады.

Байқаудың бас серіктесі – Сбербанктің Қазақстандағы Еншілес банкі.  

Байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» қауымдастығының 3 грантын көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингінен гранттар. Мұнымен қоса, байқауға қатысушылар инвесторлар тарапынан қаржылық қолдауға ие болып,   «Даму» қорының құралдарын пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Әлеуметтік инвесторлар ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы Сауранбаев растады.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 20 қыркүйекке дейін «Бәйтерек» холдингінің барлық өңірлік кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 21 қарашада бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды әзірлеуге кіріседі.

«Startup «Bolashak» байқауы барысын республикалық телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу форматында көрсету жоспарлануда.

«Болашақ» байқауының стартап-жобалар байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын іске асыруға бағытталған.

«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл – жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуі, нақты бизнес-жоспар жасауы, инвесторлармен кездесуі және ең бастысы старттық капиталды алуы үшін шынайы мүмкіндік», - деп қорытындылады «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев.

Байқаудың серіктестері мен ұйымдастырушылары: «Болашақ» қауымдастығы, «Бәйтерек» холдингі, «Даму» қоры, «ТДЖҰА» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «BI Group» холдингі, «Atasu Group of Companies» пен «Sheberbuild» компаниялары және Астана қаласының әкімдігі. 

Толық ақпарат Қауымдастықтың www.bolashak.kz ресми сайтында. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру