Семей қаласындағы жалдамалы тұрғын үй сапасы туралы дәйексіз ақпаратты теріске шығару | 2015 жылғы 22 қарашада КТК телеарнасында «Портрет недели» бағдарламасында жалдамалы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семей қаласында бір жыл бұрын пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің бірі сапасыз салынғаны туралы жалған ақпарат таратылды.  Осыған байланысты, бағдарлама эфирінде көрсетілген Семей қаласындағы тұрғын үй кешені құрылысына «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымдарының еш қатысы жоқ екенін мәлімдейіміз. Семей қаласы, «Энергетик» кенті мекенжайы бойынша орналасқан аталған тұрғын үй кешенін жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша мердігерлік ұйымдар «Дакар Груп» ЖШС мен «ГрандЭлитСтрой» ЖШС салды. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Семей қаласындағы жалдамалы тұрғын үй сапасы туралы дәйексіз ақпаратты теріске шығару

Семей қаласындағы жалдамалы тұрғын үй сапасы туралы дәйексіз ақпаратты теріске шығару

24 қараша 2015

2015 жылғы 22 қарашада КТК телеарнасында «Портрет недели» бағдарламасында жалдамалы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семей қаласында бір жыл бұрын пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің бірі сапасыз салынғаны туралы жалған ақпарат таратылды.

 Осыған байланысты, бағдарлама эфирінде көрсетілген Семей қаласындағы тұрғын үй кешені құрылысына «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес құрылымдарының еш қатысы жоқ екенін мәлімдейіміз. Семей қаласы, «Энергетик» кенті мекенжайы бойынша орналасқан аталған тұрғын үй кешенін жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша мердігерлік ұйымдар «Дакар Груп» ЖШС мен «ГрандЭлитСтрой» ЖШС салды.    

Бұдан басқа, көрсетілген сюжетте бағдарлама авторы осы тұрғын үй объекті бір жыл бұрын пайдалануға тапсырылды деп атап өтті, бұл да жалған ақпараттың тағы да бір дәлелі, өйткені Қазақстанда жалдамалы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру өткен жылы ғана басталды.    

Осылайша, КТК телеарнасы жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын («Нұрлы жол» бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) іске асыруға қатысты жалған мәлімет таратқаны белгілі болды.

Мәлімет үшін: «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде («Нұрлы жол» бағыты бойынша) Семей қаласында жалдамалы тұрғын үйді үлестіруді Холдинг және оның еншілес құрылымы «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» АҚ 2015 жылғы наурызда Семей қаласы, Шұғаев көшесі, 159 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй объектісінен  (Құрылыс салушы "Семмелиорация" ЗТБ) бастады. 2015 жылғы 14 сәуірде пайдалануға тапсырылған объектіде барлығы 120 пәтер бар, олардың жалпы ауданы 5337 шаршы метр.   

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Семей қаласында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша екі нысан салынып жатыр: Докучаев көшесі бойындағы тұрғын үй (72 пәтер, 4197 шаршы метр, тапсыру мерзімі – 2015 жылғы 30 қараша) және Новостройка көшесі бойындағы тұрғын үй (54 пәтер, 3414 шаршы метр, тапсыру мерзімі – 2015 жылғы  30 желтоқсан). 

Жалпы, ағымдағы жылы «Бәйтере» холдингі алдында Қазақстан бойынша 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 мың пәтерді пайдалануға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 245 мың шаршы метрлік 4 229 пәтер пайдалануға тапсырылып қойды. Жылдың соңына дейін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Семей қалаларында қосымша тағы 3 мыңға жуық пәтерді тапсыру жүзеге асырылатын болады.

Жалдамалы тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтардың санаттары алады, олар: жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, әскери қызметшілер. 

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың орташа құны Астана мен Алматы қалаларында 1 120 теңгеге дейін, қалған өңірлерде 923 теңгеге дейін құрайды. Жалдамалы тұрғын үй алғашқы жарнасыз   20 жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығымен беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы қарашада Мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында қолжетімді тұрғын үй салу тәсілдерін қайта қарауды және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы және арзан  баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, Қазақстан Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекітті, оның аясында жалдамалы тұрғын үйге ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру