Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаевті қабылдады | 2015 жылы «Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасына кредит беруді едәуір ұлғайтты. 2015 жылдың он айдағы «Бәйтерек» холдингінің активтері 2014 жылмен салыстырғанда 34,6 %-ға ұлғайып, осы жылғы қарашадағы жағдай бойынша 3 130 млрд. теңгені құрады (2015 жылғы бағалау 3 199 млрд. теңге). Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаевті қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаевті қабылдады

7 желтоқсан 2015

2015 жылы «Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасына кредит беруді едәуір ұлғайтты. 2015 жылдың он айдағы «Бәйтерек» холдингінің активтері 2014 жылмен салыстырғанда 34,6 %-ға ұлғайып, осы жылғы қарашадағы жағдай бойынша 3 130 млрд. теңгені құрады (2015 жылғы бағалау 3 199 млрд. теңге). Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев хабарлады.

Мемлекет басшысы кездесу барысында бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттырудың, шетелдік инвестиция тартудың, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамытудың қажеттілігіне назар аударды.

«Ағымдағы жылы Холдингтің инвестициялық және кредит беру қызметі, басым инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы едәуір жандана түсті. Айталық, 2015 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 1 869 млрд. теңге сомасына кредит беру мақұлданды. Жыл қорытындысы бойынша бұл сома 1 943 млрд. теңгеге жетеді. Холдинг ел экономикасына 134,6 млрд. теңге сомасына шетел инвестицияларын тартты, бұл 2014 жылдың көрсеткіштерінен 37,6 %-ға жоғары», - деп мәлімдеді Қ. Бишімбаев.

Нәтижесінде, Холдинг пен компаниялары тобының барлық қызметі есебінен 113 мың жұмыс орны құрылды, 56,4 млрд. теңге сомасына бюджетке салық түсімдері қамтамасыз етілді.   

Бұдан басқа, Холдинг 2015 жылдың қорытындылары бойынша 41,5 млрд. теңге таза кіріс алуды көздеп отыр.

Осы жылы Холдинг «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға жұмылдырылды. 2015 жылы Холдинг әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 мың пәтерді пайдалануға тапсыруы тиіс.

«Бүгінде Қазақстан бойынша барлығы 314,6 мың шаршы метр немесе 5 451 пәтер берілді. Қосымша тағы 100 мың шаршы метр (шамамен 1600 пәтерді) осы жылдың соңына дейін тапсырылады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні 2015 – 2016 жылдары пайлануға берілетін жалпы алаңы 660 мың шаршы метр, жиынтықты сомасы 102,2 млрд. теңгеге шарттар жасалды. Осы бағытты іске асыру нәтижесінде 21 мың жұмыс орны құрылды, қазақстандық қамту үлесі 80 %-ды құрады», - деп атап өтті Холдинг Төрағасы.

Қ. Бишімбаев кездесу барысында Мемлекет басшысы «100 қадам» ұлт жоспары шеңберінде бастамашылық жасаған «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындылары туралы да баяндады.  

Бағдарлама үздік әлемдік практика ескеріліп, Германия, Сингапур, АҚШ, Малайзия және басқа да елдердің осындай бағдарламалары негізінде әзірленді. Компаниялардың бірқатары қазірдің өзінде Холдингтің даму институттарынан қаржылық көмек алып, әзірленген бастамаларды енгізумен айналысуда.

Сондай-ақ, биыл Холдинг ірі жобаларды қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдары мен Қытай банктерінен 6,75 млрд. АҚШ доллары мен 120 млн. еуро сомасына шетел инвестицияларын тартты. ШОБ-ты қолдау үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 369,8 млн. АҚШ доллары мен 150 млн. еуро сомасына инвестициялар тарту туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта Холдинг Мемлекет басшысының 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға кірісті. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру