«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз тұрғындары кезектегі қоныстойын тойлайды | Тараз қаласында «Бәйтерек»  Холдингі, әкімдік пен  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ»АҚ өкілдері қатысуымен кілт тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өтті. Бұл күні Тараз қаласының 42 отбасы жаңа пәтерлерге  ие болды. Тараз қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бірінші рет пәтер алғалы отыр. Жыл соңына дейін Тараз қаласында барлығы жалпы алаңы 28,5 мың шаршы метр 450 пәтер бөлінеді.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз тұрғындары кезектегі қоныстойын тойлайды

«Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Тараз тұрғындары кезектегі қоныстойын тойлайды

20 қараша 2015

Тараз қаласында «Бәйтерек»  Холдингі, әкімдік пен  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ»АҚ өкілдері қатысуымен кілт тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өтті. Бұл күні Тараз қаласының 42 отбасы жаңа пәтерлерге  ие болды. Тараз қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бірінші рет пәтер алғалы отыр. Жыл соңына дейін Тараз қаласында барлығы жалпы алаңы 28,5 мың шаршы метр 450 пәтер бөлінеді.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Астана, Ақтөбе, Талдықорған және Тараз қалаларында  жалпы ауданы 28 мың ш.м. болатын  525 пәтерді бөлу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған пәтерлер бойынша кезекте тұрғандарға кілттерді тапсыруды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы «Бәйтерек» Холдингі алдында Қазақстан бойынша ауданы 401 мың ш.м. немесе 7 мың пәтерді беру міндеттері тұр. 

Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған және Павлодар қалаларында ауданы 245 мың ш.м. болатын 4 229 пәтер берілген. Жыл соңына дейін Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Семей қалаларында шамамен 3 мың пәтерді беру қосымша жүргізілетін болады.

 Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлер санатына жататындарға беріледі.

1 шаршы метрі үшін жалдау құны орташа есеппен Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша сатып алуға болады.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуде көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру