Қызылорда қаласындағы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйлер бағдарламасы бойынша кезекте тұрғандар арасында жайлы өмір сүру үшін барлық жағдайлар жасалынған екі жайлы тұрғын үй кешенінде пәтерлер берілді, атап айтқанда: «СПМК» ықшамауданында- жалпы ауданы 25 мың шаршы метрболатын 370 пәтер, «Арай» ықшамауданында- жалпы ауданы - 17,2 мың шаршы метрболатын 280 пәтер.
Барлығы – жалпы ауданы 42,2 мың шаршы метр болатын 650 пәтер. «Бәйтерек» Холдингімен оның еншілес ұйымы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жоспарында ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда қаласында жалпы ауданы 17,2 мың шаршы метр болатын 300 пәтерді беру тұр.
Талдықорған қаласының тұрғындары «Нұрлы Жол»жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы пәтерлерді бірінші рет алады. Жергілікті атқарушы органдардың, «Бәйтерек» Холдингі және оның еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның басшылары қатысуымен салтанатты іс-шаралар ағымдағы жылы 30 қарашада өтті, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның желісі бойынша талдықорғандықтар бірінші рет кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алады. Талдықорған қаласында бөлінуге арналған пәтерлердің жалпы саны 30, олардың жалпы алаңы – 1,7 шаршы метрді құрайды.
Жыл басынан бастап Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Павлодар, Ақтау, Талдықорған қалаларында 5 400-ден астам пәтер тапсырылды.
Жалға берілетін тұрғын үйлер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған жас отбасылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, көп балалы отбасылары, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалар, толық емес отбасы, әскери қызметкерлер санатына жататындарға беріледі. Кезекте тұрғандардың тізімі жергілікті атқарушы органдарымен іріктеледі және олардың тізімі төлем қабілеттілігін анықтау үшін «Байтерек» Холдингінің еншілес құрылымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ына (ҚИК) жіберілетін болады.
1 шаршы метрі үшін жалдау құны Алматы және Астана қалаларында 1120 теңгені құрайды, басқа аймақтарда 923 теңгеге дейін. Жалға берілетін тұрғын үйлер сатып алу құқығымен 20 жылға бастапқы жарнасыз беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Тұрғын үйді 5 жылдық жалдау мерзімі өткеннен кейін қалдық сомасы бойынша қалған ай сайынғы жалдау төлемдеріне тең келетін сомаға сатып алуға болады.
Мемлекет басшысының 2014 жылғы қараша айындағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді тұрғын үй құрылысына және қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы, арзан үймен қамтамасыз етуге қатысты көзқарасты қайта қарастыруды тапсырған еді. Осыған байланысты ҚР Үкіметі Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі, ол бағдарламада жалға берілетін тұрғын үйге ерекше назар аударылды.
Ағымдағы жылы Холдинг алдында Қазақстан бойынша 400 мың шаршы метр немесе шамамен 7 мың пәтерді пайдалануға ендіру міндеттері тұр. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау және Павлодар қалаларында ауданы 264 мың шаршы метр болатын 4 557 пәтер берілді. Жылдың соңына дейін қосымша Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Семей қалаларында қосымша 2,1 мың пәтер берілетін болады.
Баспасөз қызметі тел: 8(7172) 919205, 87017932418
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!