Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қоры астықты өңдеумен шұғылданатын KazGrain компаниялар тобына 10 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салады | ADMCapital басқаруындағы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі) қатысуымен қорлардың тобына кіретін KazakhstanGrowthFund(KGF)тікелей инвестициялар қоры KazGrain компаниялар тобындағы миноритарлық тосқауыл болатын акциялар пакетін сатып алу бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қоры астықты өңдеумен шұғылданатын KazGrain компаниялар тобына 10 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салады

Kazakhstan Growth Fund тікелей инвестициялар қоры астықты өңдеумен шұғылданатын KazGrain компаниялар тобына 10 миллион АҚШ долларынан астам қаржы салады

2 желтоқсан 2015

ADMCapital басқаруындағы және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі) қатысуымен қорлардың тобына кіретін KazakhstanGrowthFund(KGF)тікелей инвестициялар қоры KazGrain компаниялар тобындағы миноритарлық тосқауыл болатын акциялар пакетін сатып алу бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды.

KazGrain компаниялар тобы агроөнеркәсіптік секторда өсудің үлкен әлеуеті бар және өңірдің экономикасы үшін стратегиялық мәні бар жас, дамып келе жатқан бизнес болып табылады. Оның негізгі өндірістік активтері (элеваторлар, өндірістік корпустар, дайын өнімді шығару бойынша желілер) Қазақстан аумағында, сондай-ақ Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан. Кәсіпорынның негізгі қызметі – бұл басты қажетті азық-түлік өнімдерін: «Әлия» және «Элине» сауда маркаларымен жоғары сапалы ұнды және макарон өнімдерін өндіру және өткізу, сондай-ақ қазақстандық бидайды сатып алу, сақтау және оның экспорты. Сауданың географиясы қазіргі сәтке жақын және алыс шетелдің нарығына стратегиялық шығумен, Қырғыз Республикасының және Орта Азияның өзге елдерін қамтиды.

«Қазіргі кезде, мемлекет жүргізіп отырған аграрлық саясаттың шеңберінде, сондай-ақ барлық қоғамның азық-түлік қауіпсіздігіне назардың артуына байланысты, инвесторлар үшін Қазақстандағы ауылшаруашылық компаниялары үлкен қызығушылық туғызып отыр. KGF қорының инвестициялары KazGrain компаниялар тобының қызметін әрі қарай кеңейтуге, шетелден озық технологияларды тартуға, Орта Азия елдерінің нарықтарында көшбасшылық орындарға қол жеткізуге бағытталатын болады», - дейді Әділ Өсжігіт, ADM Capital-дың Басқарушы директоры.

Өз кезегінде, KazGrain компаниялар тобының өкілі Данишбек Құрманбеков: «Қордың инвестициялары есебінен Компаниялар тобы қолданыстағы элеваторларға бидайды сатып алуды, істегі өндірісті әрі қарай жандандыруды, сондай-ақ шығарылатын өнімнің: ұлттық кеспенің, кондитерлік өнімдердің және құрама азықтың түр-түрін кеңейтуді жүзеге асырады, бұл компанияларға бидайды едәуір толық өңдеуге мүмкіндік туғызады. Бұдан басқа, дайын өніммен Қазақстанның және алыс шетелдер (Қытай, БАӘ, Моңғолия, Ауғанстан және т.б.) нарықтарына шығу болжанып отыр», - деп атап өтті.

Орынбасар Қуатовтың, ADM Capital-дың Серіктесі, пікірінше: «Бүгінгі таңда, Қазақстанның, сондай-ақ Орта Азия елдерінің ауыл шаруашылығы экономиканың экономикалық және әлеуметтік маңызды саласы болып табылады. Аталған елдердің үкіметтері оның дамуына үлкен мән беріп отыр. Сонымен қатар, біздің өңірде ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының рөлін арттыру, және аграрлық компанияларға инвестициялар және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша компаниялар барған сайын тартымды болуда». Оның сөзінше, біздің өңірдің ауыл шаруашылық компаниялары үшін тек қана негізгі құралдарды жаңарту ғана емес, сондай-ақ өңірге үйренген, заманауи құралдарды және өндіріс технологияларын сатып алу маңызды, бұл ауыл шаруашылығы активтерін тиімді пайдалануға, сондай-ақ еңбек өнімділігін, тұтас саланың тиімділігін өсіруге мүмкіндік береді.

«Казына Капитал Менеджмент» АҚ баспасөз қызметі:

Әнел Рамазанова

Эл. мекенжайы: [email protected]

Тел.: +7(7172) 554 222 (120)

«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ) тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры болып табылады. ҚКМ институционалдық шетелдік инвесторлармен бірлесіп экономиканың серпінді дамып келе жатқан секторларындағы кәсіпорындарға капитал ұсынатын, қорлардың акционерлері болып  табылады. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді. Холдинг құрамына «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «КазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры», «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Стрестік активтер қоры» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдеу қоры» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ сияқты даму институттары кіреді. www.kcm-kazyna.kz

 

KazakhstanGrowthFund (KGF) 2008 жылы құрылған. Қордың инвесторлары Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі (ЕҚДБ) мен ҚКМ болып табылады. Қорды капиталдандыру $81 млн құрайды. KGF инвестициялық портфелі ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тасымалдау және логистикалық қызметтер, сондай-ақ сауық құру қызметтері саласындағы жобаларды қамтиды. Қордың басқарушы компаниясы – ADM Capital. www.admcap.com

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру