Индустрияландыру күні аясындағы көрмеде Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингі ұсынған ірі кәсіпорындар ішінен флоат-шыны өндіру бойынша бірегей жобамен танысты

Индустрияландыру күні аясындағы көрмеде Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингі ұсынған ірі кәсіпорындар ішінен флоат-шыны өндіру бойынша бірегей жобамен танысты

2 июля 2015

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған Индустрияландыру күні өтуде. Мемлекет басшысы осы іс-шара шеңберінде ұйымдастырылған көрмеде болып, Қазақстанда жүзеге асырылатын жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар өндіріспен танысты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына «Қазақстанда жасалған» белгісімен шығарылатын отандық өндірістің тауарлары  таныстырылды. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Назарбаев ірі өндірістер көрмесін де аралады.

Атап айтқанда, «Бәйтерек» холдингі Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев Мемлекет басшысына Холдингтің қолдауымен жүзеге асырылған біқатар ірі жобаларды ұсынды. Соның бірі табақ шыны өндіру мен өңдеу бойынша «Orda Glass ltd» ЖШС-нің жобасы болып табылады, аталған жоба Қызылорда облысында бірер уақыт бұрын іске қосылды. «Бәйтерек» холдингі стратегиялық инвестор ретінде «Stewart Engineers, Inc.» американдық компанияны тарту, сондай-ақ қажетті қаржылай көмек беру бөлігінде жобаға жан-жақты қолдау көрсетті. 

Жоба қуаты – жылына197 100 тонна шыны шығару, пайдалануға беру мерзімі – 2017 жылғы ақпан.  Зауыт құрылысы кезеңі ішінде 500 адам жұмылдырылады, зауытты пайдалануға беру кезінде 310 жұмыс орны құрылады.  

«Orda Glass» зауыты» - бұл қазақстандық қамтуы шамамен 80 %-ды құрайтын,   Қазақстан аумағында шыны өндіретін жалғыз жоба. Зауыт отандық нарық қажеттілігінің 100 %-ын өтейтін болады. Өнімнің 30 %-ын экспортқа шығару  жоспарлануда», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысына зауытты таныстыру барысында Қ. Бишімбаев.

Көрмеде ұсынылған және «Бәйтерек» қолдау көрсеткен тағы бір ірі жоба Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы теміржол дөңгелектерін шығаратын  «Проммашкомплект»  ЖШС-і. Қазіргі уақытта жобада құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, 2017 жылы пайдалануға беруді жүзеге асыру жоспарланады.   

Жоба құны 40, 8 млрд теңге, оның ішінде 30 млрд теңге – Холдингтің қолдауы (ҚДБ қарызы). Өндірістік қуаты жылына 200 000 дөңгелекті құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 400 жұмыс орны ашылады.  

«Өндіріс, бірінші кезекте, шетелден келетін ұқсас өнім импортын алмастыруға бағытталады. Жобаны пайдалануға берумен қатар, өңірде орналасқан оқу орындарын жергілікті жас кадрларды тарту мен оқыту жоспарланады», - деп атап өтті Қ. Бишімбаев.

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласындағы Еуро-5 стандартының мотор жанармайын өндіретін «Конденсат» АҚ жобасымен де танысты. Жобаның жалпы құны 36,4 млрд. теңгені құрайды. Осы соманың  60 %-ы «Бәйтерек» холдингі тарапынан (ҚДБ қарызы) қаржыландыру түрінде ұсынылды. 

Жаңа өндіріс ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде. «Конденсат» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған мұнай өндіру кешені базасындағы өндірістің жобалық куаты жылына АИ-92 бензині – 114 000 тонна, АИ-95 - 86 000 тоннаны құрайды және басқа да өнімдер шығарылады. 

Жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 400 жұмыс орны құрылып, оларға қолдау көрсетілетін болады.  

Жеңіл өнеркәсіп көрмесінде «Бәйтерек» холдингі төрт жобаны ұсынды. Соларды бірі – Астанада «KazTexExpo» автоматтандырылған сауда-өндірістік кешенді құру бойынша «ASTANA Ютария ltd» Өндірістік Инновациялық Компаниясы» ЖШС-нің жобасы.  

«KazTexExpo» жобасы компьютерленген тігін жабдықты жинақтаудан бастап жеңіл өнеркәсіп саласындағы ауқымды жобаларда инновациялық технологияларды іске асыруға дейін «кілтпен тапсыру» бойынша ел өңірлері үшін  жаңа қазіргі заман тігін фабрикаларының кешенді шешімін іске асыруға және құруға бағытталған. 

«Қазақстанда жасалған» көрмесінде «Бәйтерек» холдингі өнімі жоғары сапасымен ерекшеленетін және импортты алмастыруға бағытталған 10 шақты өндірісті ұсынды.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» Төрағасы Қ. Бишімбаев Елбасына Холдинг іске асыратын қазақстандық тауарлардың экспортын арттыру бойынша «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлттық чемпиондар» бағдарламасын орындау барысы туралы баяндап берді. 

Бұрын хабарланғандай, McKinsey&Company халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, осы бағдарламаға қатысуға үміткер отандық өндірушілер арасында іріктеу жүргізілді. Бүгінде іріктеу аяқталып, сыртқы нарықтарға шығарылатын қазақстандық өнім экспортының және импортты алмастырудың көшбасшылары болуға лайық компаниялар пулы қалыптастырылды. Ұсынылған 300-ден астам өтінім ішінен 32 компания, оның ішінде 20 компания – АӨК саласынан, 7-еуі – машина құрастыру саласынан және 5 компания – құрылыс материалдары өндірісі саласынан таңдалды. 

Ағымдағы сәтте қатысушы компаниялардың диагностикасы жүргізіліп жатыр, осы кезең қорытындысы бойынша әрбір компаниямен компанияны бұдан әрі дамыту үшін ұсынымдарды қамтитын жеке іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.

Бағдарлама мақсаты өңірлік және әлемдік деңгейдегі компанияларды қалыптастыру жолымен Қазақстанда шикізат емес секторының бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып табылады. 

Жоба қатысушылары үшін «Бәйтерек» холдингі компаниялар тобының құралдарын пайдалануды көздейтін қаржылық қолдау қолжетімді болады, оның ішінде, банкаралық кредиттеу (екінші деңгейдегі банктер арқылы кредиттеу жолымен), лизингтік мәмілені қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру, экспорттық сақтандыру, инновацияларға арналған гранттар.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру