Fitch «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі рейтингін «BBB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты» | Fitch Ratings «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының рейтингтерін растады: шетел валютасында эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі (ЭДР) «BBB+», ұлттық валютада ұзақ мерзімді ЭДР «A-», ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және шетел валютасында қысқа мерзімді ЭДР «F2». Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».   
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Fitch «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі рейтингін «BBB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

Fitch «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі рейтингін «BBB+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»

15 шілде 2015

Fitch Ratings «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының рейтингтерін растады: шетел валютасында эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі (ЭДР) «BBB+», ұлттық валютада ұзақ мерзімді ЭДР «A-», ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)» және шетел валютасында қысқа мерзімді ЭДР «F2». Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».   

Сондай-ақ, Fitch «Бәйтерек» холдингінің басымды қамтамасыз етілмеген ішкі облигациялар шығарылымдарының рейтингтерін растады: ұлттық валютада ұзақ мерзімді рейтинг «A-» деңгейінде және ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «AAA(kaz)».

ЭДР мен басымды қарыз рейтингтерін растау 100-пайыз Қазақстан Республикасының меншігіндегі мемлекеттік даму институты болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтік компания ретіндегі «Бәйтерек» холдингінің өзгермеген ерекше мәртебесін көрсетеді («BBB+»/«A-»/болжам «Тұрақты»).

«Бәйтерек» холдингінің рейтингтері Қазақстанның егемен рейтингтерімен бір деңгейде тұр, бұл мемлекеттік сектор компаниясы ретіндегі оның мәртебесін, мемлекет тарапынан қатаң бақылауды және мемлекеттің экономикалық саясатын іске асырудағы маңызды рөлін қамтып көрсетеді. Рейтингтер мемлекет тарапынан холдингтің едәуір қаржыландыруын да ескереді.  Холдингке рейтинг беру кезінде Fitch мемлекеттік сектор компаниялары бойынша әдістемені пайдаланады және оны кредиттік-байланысқан құрылым ретінде қарастырады.  

Холдинг рейтингтері егеменді рейтингтерді көрсетеді. Позитивтік рейтингілік іс-қимыл Қазақстан рейтингтері жоғарылаған жағдайда жүргізіледі. Және, керісінше, Қазақстан бойынша жағымсыз рейтингілік іс-қимыл болған кезде немесе мемлекеттік кепілдіксіз едәуір нарық қарызының эмиссиясы соған дәлел болатындай «Бәйтерек» холдингінің мемлекетпен байланыстары бәсеңдеген жағдайда, рейтингтер төмендеуі мүмкін.     

 

Агенттік «Бәйтерек» холдингі ұлттық басқарушы холдингтік компания ретінде өзінің ерекше мәртебесін сақтап қалатынына негізделеді. Соның салдарынан мемлекетпен байланыс орнатудағы оның стратегиялық маңыздылығы және мемлекеттің қолдау көрсетуге әзірлігі мықты болып қалады. 

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығына ие.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі, т. 8(7172) 919205, 919206, сайты: www.baiterek.gov.kz

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру