«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске қосты | Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Қордың кепілдігін алу үшін құрылыс салушылардан өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске қосты

«Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске қосты

10 қазан 2016
Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ Қордың кепілдігін алу үшін құрылыс салушылардан өтінім қабылдауды ресми түрде бастайды.

Жаңа «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңға» сәйкес Қор тұрғын үйлер құрылысын аяқтау үшін үлескерлерге кепілдік беретін болады. Қорды құрудың мақсаты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды кепілдендірудің тұрақты және тиімді жүйесін, кепілдік беру жағдайы туындағанда үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, сондай-ақ үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын ынталандыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа тетік бойынша кепілдік беру жағдайлары мыналар болып табылады: тұрғын үйлерді пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы; ақшаны орынсыз пайдалану; сот шешімі бойынша құрылыс салушының дәрменсіздігі.
Бастапқы кезеңде Холдингтің еншілес ұйымы «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» құрылыс салушының өтінімін қарау кезінде, оның жаңа заң талаптарына сәйкес келуін тексереді. Барлық талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қор құрылыс салушымен және Уәкілетті компаниямен кепілдік беру туралы шарт жасасады. Қор одан кейін салынып жатқан тұрғын үй сапасын бақылайтын тәуелсіз инжинирингтік компанияны тарта отырып, үлескерлер ақшасын орынды жұмсалуын, сондай-ақ пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің сапасын бақылауды жүзеге асырады.

Жалпы, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру тетігін іске асыру үлескерлер үшін де, инвесторлар үшін де құрылыс саласының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді, сонымен бірге құрылыс саласының ашықтығы мен құрылыс салушының жауапкершілігін жоғарлатады.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру