«Бәйтерек» холдингі және Қытайдың CITIC Group Kazakhstan Infrastructure Fund қорына бірігіп қатысу мен дамытуға уағдаласты | «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына (ҚХР) мемлекеттік сапары аясында қытай серіктестерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімдер мен меморандумдар жасасты.  Тараптар ынтымақтастығы инвестициялық жобаларды іске асыру, Қазақстанды өнеркәсіптік және инновациялық дамыту, компаниялардың «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына қатысу саласында түрлі бағыттар бойынша көзделеді.  
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
«Бәйтерек» холдингі және Қытайдың CITIC Group Kazakhstan Infrastructure Fund қорына бірігіп қатысу мен дамытуға уағдаласты

«Бәйтерек» холдингі және Қытайдың CITIC Group Kazakhstan Infrastructure Fund қорына бірігіп қатысу мен дамытуға уағдаласты

8 қыркүйек 2015

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына (ҚХР) мемлекеттік сапары аясында қытай серіктестерімен ынтымақтастық туралы бірнеше келісімдер мен меморандумдар жасасты. 
Тараптар ынтымақтастығы инвестициялық жобаларды іске асыру, Қазақстанды өнеркәсіптік және инновациялық дамыту, компаниялардың «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына қатысу саласында түрлі бағыттар бойынша көзделеді.  
Атап айтқанда, сапар аясында «Бәйтерек» холдингі және «CITIC Group» Қытай мемлекеттік инвестициялық корпорациясы арасында «Kazakhstan Infrastructure Fund» қорына бірігіп қатысу және дамыту туралы келісімге қол қойылды. Қордың нысаналы капиталдандыруы 600 млн. долларды құрайтын болады.    
Қазақстан мен Қытай басшыларының қатысуымен құжатқа «Бәйтерек» холдигінің Басқарма Төрағасы Қуандық Бишімбаев және «CITIC Group» Директорлар кеңесінің Төрағасы Чан Чженьмин қол қойды.  
Келісім шарты бойынша «Бәйтерек» холдингі $125 млн., CITIC Group компаниясы да – $125 млн. мөлшерінде Қордың күрделі шығындарына алғашқы жарнасын төлейді. Бұдан басқа, CITIC Group қосымша 200 млн. доллардан кем емес қаражат тарту міндеттемесін өзіне алды.  
Kazakhstan Infrastructure Fund қорының басты мақсаты инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау болады. Тараптар 300 млн. доллардан кем емес қаражат Қазақстан жобаларына жұмсалады деп уағдаласты. 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқығына ие. 
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ баспасөз қызметі, т. 8(7172) 919205, 919206, сайты: www.baiterek.gov.kz
    

CITIC (China International Trust and Investment Corporation) – Қытайдың ең ірі мемлекеттік инвестициялық корпорацияларының бірі. Компанияның басты мақсаты шетел капиталын тарту, менеджментті қоса алғанда, бизнесті жүргізудің озық технологиялары мен үлгілерін пайдалану болып табылады. CITIC Group құрамына 44 еншілес компания, оның ішінде банк (ағыл. China CITIC Bank), инвестициялық, сенімгерлік және сауда компаниялары кіреді.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру