Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды «Бәйтерек» Холдингі мен Қытай Банкі іске асырады | Мұндай уағдаластыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілді. Инвестициялық жобалар бойынша, соның ішінде инфрақұрылымдық қор-лардың меншікті акционерлік капиталына бірігіп инвестиция салу және қатысу арқылы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды көздейтін  ынты-мақтастық туралы меморандумға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) басқармасының  Төрағасы Қуандық Бишімбаев және Қытай Банкі (Bank of China) басқармасының  Төрағасы Тянь Гуоли қол қойды.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды «Бәйтерек» Холдингі мен Қытай Банкі іске асырады

Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды «Бәйтерек» Холдингі мен Қытай Банкі іске асырады

8 қыркүйек 2015

Мұндай уағдаластыққа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілді.

Инвестициялық жобалар бойынша, соның ішінде инфрақұрылымдық қор-лардың меншікті акционерлік капиталына бірігіп инвестиция салу және қатысу арқылы ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруды көздейтін  ынты-мақтастық туралы меморандумға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) басқармасының  Төрағасы Қуандық Бишімбаев және Қытай Банкі (Bank of China) басқармасының  Төрағасы Тянь Гуоли қол қойды.

Сондай-ақ қол қойылған құжат өнеркәсіптік және инновациялық даму, ақ-параттық технологиялар, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шаруа-шылығы салаларындағы және Қазақстан үшін басым бағыт болып саналатын басқа да секторлардағы ынтымақтастықты көздейді.

Сонымен қатар, Қытай Банкі «Бәйтерек» Холдингімен жасалған  құжат шең-берінде  Қазақстанның индустриялық-инновациялық  дамуы аясында іске асырылып  жатқан жобаларға  5 млрд. АҚШ долларына дейін қаржы бағыт-тау мүмкіндігін қарастырады.

«Қытайлық серіктестерімізбен жасалған барлық келісімдер нақты, практика-лық сипатта және қазіргі уақытта қазақстандық және қытайлық өнеркәсіптік-инвестициялық компаниялар  бірлесе зерттеп жатқан  45 жоба бойынша үлкен бағдарламаны іске асыруға бағытталған» - деді  Қ. Бишімбаев жур-налистерге  құжатқа қол қою қорытындысы бойынша .

Сонымен қатар  «Бәйтерек» Холдингі  басқармасының  Төрағасы Қуандық Бишімбаев аталған қаржы тікелей инвестиция түрінде компаниялардың  қар-жылық капиталдарына түсетінін,  сондай-ақ кредиттер түрінде  болатынын  мәлімдеді.

«Біз  индустриялық жобалар өтелімділігі жағынан   ұзақ мерзімді болуына байланысты   пайыздық мөлшерлеме бүгінгі күні нарықтағы мөлшерлемеден төмен болуын қарастырып отырмыз . Сондықтан біз де, Қытай жағы да мұнда ресурстардың  қолжетімділігін , соның ішінде, төмен пайыздық мөлшерлеме  есебінен  қамтамасыз  етудің қажеттігін түсінеміз»,- деп атап өтті ол.

Мемлекет Басшысының ҚХР мемлекеттік сапары шеңберінде «Бәйтерек» Холдингінің басшылығы қытайлық серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді.

Мысалы,   «SilkRoadFundCo» (Жібек Жолы Қоры) кездесу барысында  түрлі жобалар бойынша, атап айтқанда, индустриялық және инновациялық даму, ақпараттық технологиялар және Қазақстан үшін басым бағыт болып саналатын басқа да секторлар саласына  қызығушылық танытып,  Холдингпен ынтымақтастыққа  дайын  екендіктерін білдірді.  

Сондай-ақ  «SilkRoadFundCo» Қытай қоры Қазақстанның индустриялық жоба-ларын  қаржыландыру туралы келісім жасау мүмкіндігін қарауға  әзірлігін  танытты.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру