Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы болып өтті | 2015 жылғы 19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы болып, оның барысында республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген ақша қаражатын пайдалану туралы ақпарат қаралды. Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсынылған ақпаратқа сәйкес  2014 – 2015 жылдары «Бәйтерек» холдингіне 49,2 млрд. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен және 613,6 млрд. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлінді. 
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы болып өтті

Қазақстан Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы болып өтті

19 қараша 2015

2015 жылғы 19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы болып, оның барысында республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген ақша қаражатын пайдалану туралы ақпарат қаралды.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсынылған ақпаратқа сәйкес  2014 – 2015 жылдары «Бәйтерек» холдингіне 49,2 млрд. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттен және 613,6 млрд. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан қаражат бөлінді. 

Республикалық бюджет қаражаты Инфрақұрылымдық жобалар қорын құруға, сондай-ақ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыруға жұмсалды. Ұлттық қор қаражаты есебінен бірқатар стратегиялық бағыттар қаржыландырылды, атап айтқанда, шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдау жүзеге асырылды, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бірқатар жобаларға қаржы бөлінді, өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін, экспорттаушылар мен отандық өндірушілерді қаржыландыру жүзеге асырылды, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру қамтамасыз етілді.    

ШОБ субъектілерін қолдауды жүзеге асыру нәтижесінде 1120 кәсіпорынға қолдау көрсетілді, 10,9 мың жұмыс орны ашылды, 30,4 млрд. теңге салық төленеді. ИИДМБ-2 бағдарламасын іске асыру аясында «Бәйтерек» холдингінен 5 жоба қолдау алды. «Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» бағыты бойынша 61 кәсіпорынға қолдау көрсетілді, 811 жұмыс орны құрылды, 13 млрд. теңге салық төленді. Отандық автоөндірушілерге қолдау көрсету нәтижесінде 3 мың 740 кредит қаржыландырылды, 1 мың жұмыс орны сақталып қалды. «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру тиімділігі (әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй салу) – 2015 жылы 400 мыңнан астам шаршы метр немесе 7 мың пәтерді пайдалануға тапсыру, елде 21 мың жұмыс орнын құру қамтамасыз етілді.    

Директорлар кеңесі мүшелерінің қарауына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының инвестициялық саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы» мәселесі де енгізілді. Бұдан басқа, жиналыс барысында өзге де бірқатар мәселелер қаралды және талқыланды. 

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру