Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
«Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бығыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

«Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бығыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы келісуді бастау туралы хабарландыру

13 февраля 2019
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобаларын жүзеге асыру үшін дауыс беру туралы хабарлайды (әрі қарай – ЖАО) (әрі қарай – Бағдарлама).
Нысан: «Юбилейный шағын ауданындағы №36 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы», нысан коды 1286, Қазақстан, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Юбилейный шағын ауданы, №36  үй мекен-жайы бойынша орналасқан
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 29.03.2018 ж.
Тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 173 750  «таза» әрлеудегі теңге.
Жайлылық класы: III
Пәтер саны: 35,
Пәтер түрі 1, 1-¬бөлмелі: 15 пәтер, ең жоғарғы ауданы 34,28 ш.м.
Пәтер түрі 2, 2-¬бөлмелі: 10 пәтер, ең жоғарғы ауданы 52,65 ш.м.
Пәтер түрі 3, 2-¬бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 64,43 ш.м.
Пәтер түрі 4, 3-бөлмелі: 5 пәтер, ең жоғарғы ауданы 65,53 ш.м.
Қатысу үшін өтініштер қабылдау мерзімі: 14.02.2019 ж. бастап 06.03.2019 ж. дейін (қоса алғанда).
Балдарды есептеу күні (Үміткерлерді таңдау): 07.03.2019 ж.
Өтінішті Банктің baspana.kz интернет-ресурсында арқылы беруге болады. Өтінішті берген күн мен уақыты өтініш берушінің иеленген балдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
«Нұрлы жер» Бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Объектіге және оның әрі қарай жүзеге асырылуына дауыс береді.
Алдын-ала тұрғын үй займын алуға өтінішті тапсыру, өтініш тапсырушының тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдап алынған пәтер бағасынан кемінде 20% болған жағдайда ғана мүмкін.

Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Колл-орталығына 300 (ұялы телефон арқылы тегін) нөмері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру