Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Жаңаөзен қаласындағы нысан бойынша қосымша іріктеудің басталуы туралы

Жаңаөзен қаласындағы нысан бойынша қосымша іріктеудің басталуы туралы

8 августа 2019
Құрметті салымшылар!
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қосымша іріктеуден өту қажеттілігі (төлем қабілеттілігіні бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., Мамыр ш/а орналасқан «Бейбітшілік» тұрғын үй кешені, 1268 нысан.
Құрылысшының атауы: «ЭйДжейCompany» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Құрлыстың болжамды аяқталу мерзімі 2019 жылдың III тоқсан.

Пәтер толықтай дайын және бекітілген жоба бойынша алдын-ала әрленген күйінде беріледі.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метр құны «Таза әрленген» өңінде: 130 000 теңге

Пәтер саны: 29,
Пәтер түрі 1-бөлмелі: 6 пәтер, максималды ауданы- 47,1 ш.м.
Пәтер түрі 2-бөлмелі: 16 пәтер, максималды ауданы 68,1-73 ш.м.
Пәтер түрі 3-бөлмелі: 7 пәтер, максималды ауданы 94,0 ш.м.

Іріктеу мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): «29» шілде 2019 ж бастап –«13» тамыз 2019 ж дейін.
Балл есептеу мерзімі: «14» тамыз 2019 ж.
Төлем қабылеттілігін тексеру мерзімі: «20» тамыз 2019 ж.бастап – «03» қыркүйек 2019 жылға дейін.
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге жинағы болуы тиіс.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20%-ы көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беру мүмкін болады.

Банк Салымшылары «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш бере отырып, Нысандағы пәтерлерді Банк салымшыларына өткізуге Нысанға дауыс береді. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес Өтініш қабылдау аяқталған күні өтініштердің саны жеткілікті болмаған жағдайда, онда Нысанға қажетті дауыс беру саны жиналмаған деп есептелініп, «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға берілген өтініштердің күші автоматты түрде жойылады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш Банктің www.baspana.kz интернет-ресурсында тек қана Банк салымшыларынан қабылданады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

Тұрғын үйді бөлу тәртібі, іріктеуге (төлем қабілеттілігін бағалау) құжаттар тізімі, сондай-ақ ғимарат қасбетінің фото-суреттерімен және пәтерлердің/жеке тұрғын үйлердің жоспарымен Банктің www.hcsbk.kz және/немесе www.baspana.kz интернет-ресурсында танысуға болады.





Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру