Қызылорда қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысу үшін қосымша өтініштер қабылданатындығы туралы, Ипподром ы.а., №2 пул
Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 15 желтоқсанынан бастап 24 желтоқсанына дейін тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға қосымша өтініш қабылданатындығы туралы хабарлайды.
Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытының ІІ тобы талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың санатынан құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы аяқталған «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Есім хан көшесі, № 13 «А» үй (Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ипподром м.а., № 6 үй) № 2-ші пул, №10 пәтер» мекен-жайы бойынша 5 қабатта орналасқан (тек қана 1 бөлмелі) пәтер. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге. Құрылысы аяқталған.
Қатысушыларға қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде танысуға болады.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсындағы «Клиенттің жеке кабинетінде» беруге болады.
Өтініш тек Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банктің Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Байтұрсынов к-сі, 122 үй мекенжайында орналасқан филиалында немесе Банктің www.hcsbk.kz Интернет-ресурсында тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен, қатысушыға қойылатын талаптармен және құрылыс нысанының сипаттамасымен (соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көру де бар) толығымен танысуға болады.