Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Қызылорда қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтінішті қосымша қабылдау туралы

Қызылорда қ. тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтінішті қосымша қабылдау туралы

6 марта 2015

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылғы 6 наурыздан 26 наурызды қоса алғанда тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың екі  бөлмелі жалпы ауданы 67,20 ш.м. (№29 пәтер, 5-қабат, 3-подъезд), саны 1 бірлік №2 пулына және үш бөлмелі жалпы ауданы 77,12 ш.м. (№10 пәтер, 5-қабат,  1-подъезд), саны 1 бірлік №3 пулына қатысу үшін өтінішті қосымша қабылдайтындығын хабарлайды. Пул «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топ талаптарына сәйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылады. Нысан – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан (мекен-жайы) Қызылорда  қаласы, Астана  м/а  №13 үй, көп пәтерлі тұрғын үй/кешені. Бағасы «таза» әрлеумен 1 шаршы метрге 90 000 теңге.

Құрылыс 25.12.2013 ж. аяқталған. 

Банктің www.hcsbk.kz сайтында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бөлімінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулын құру тәртібімен егжей-тегжейлі танысуға және құрылыс нысанының суреттемесімен, оның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын көруге болады.

Банк салымшыларына қолайлы жағдай тудыру мақсатында өтініштер Банктің www.hcsbk.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы қабылданады, комиссия төлемінсіз.

Пулға өтініш беру мерзімі мен уақыты балл тағайындау саны мен өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.

 

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру