Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «9 қабатты үй», Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куанышева көшесі, 198А үй мекенжайында орналасқан.
Құрылыстың аяқталуы жоспар бойынша: қыркүйек 2017 жыл
1 ш.м. тұрғын үйдің бағасы: 168 098 теңге «таза» әрлеумен
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 108
1 бөлмелі пәтерлердің 1-ші түрі: 27 пәтер, ең жоғары алаңы- 45,25 ш.м.
1 бөлмелі пәтерлердің 2-ші түрі: 27 пәтер, ең жоғары алаңы - 48,15 ш.м.
2 бөлмелі пәтерлердің 1-ші түрі: 18 пәтер, ең жоғары алаңы - 57,22 ш.м.
2 бөлмелі пәтерлердің 2-ші түрі: 18 пәтер, ең жоғары алаңы - 63,97 ш.м.
2 бөлмелі пәтерлердің 3-ші түрі: 18 пәтер, ең жоғары алаңы - 76,37 ш.м.
Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылғы 09 қарашадан 2016 жылғы 09 желтоқсанға дейін
Балдарды санау мерзімі (кандидаттарды іріктеу): 12 желтоқсан 2016 ж.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!