Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй құрылысы нысанының ішкі әрлеуінің дайындығы мен өткізу бағасы деңгейін өзгерту туралы хабарландыру

Тұрғын үй құрылысы нысанының ішкі әрлеуінің дайындығы мен өткізу бағасы деңгейін өзгерту туралы хабарландыру

6 июня 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) 15.03.2017 ж. бастап 13.04.2017 ж. дейінгі кезеңде «TM Engineering Group» ЖШС-ның Өтінімі бойынша (әрі қарай- Құрылыс салушы) «Астана қаласының «Комсомольский» тұрғын алабы ауданында үй-жайлар мен автотұрақтар жапсарлас салынған көппәтерлі тұрғын үй кешені, нысан коды-326» нысаны (әрі қарай-Нысан) бойынша «Өз үйім» бағдарламасына (әрі қарай-Бағдарлама) қатысуға өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылыс жобасын іске асыруға салымшылардың дауыс беруін төмендегі талаптарда өткізді:
• Ішкі әрлеуінің дайындығы деңгейі – «жақсартылған бастапқы»,
• Тұрғын үйдің 1 ш.м. үшін баға – 240 000 теңге.

Сонымен қатар, Нысан бойынша ішкі әрлеу дайындығының деңгейін «жақсартылған бастапқыдан» «тазаға» жақсартуға байланысты және ҚР заңнамасына сәйкес Нысанды «жақсартылған бастапқы» әрлеуінде пайдалануға беру мүмкін еместігіне байланысты, 31.05.2017 ж. Банкке «TM Engineering Group» ЖШС-дан Банк салымшыларына Нысандағы пәтерлерді 1 ш.м. үшін 258 000 (екі жүз елу сегіз мың) теңгемен өткізу мүмкіндігі туралы өтініш жасалды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, Банк 06.07.2017 ж. дейінгі мерзімде Нысан бойынша Банктің «Өз үйім» бағдарламасына әрі қарай қатысу немесе қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдауды сұрайды.

Егер Сіз Нысанды өткізу бойынша өзгертілген талаптармен келіспесеңіз, онда Сіз Банктің интернет-ресурсындағы («www.hcsbk.kz») Сіздің жеке кабинетіңіздегі Нысан бойынша Банктің «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінішіңізді жоюды жүзеге асыруыңыз қажет.
Нысан бойынша Банктің «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінішіңізді 2017 жылдың 6 шілдесіне дейінгі мерзімде жоюды жүзеге асырмаған жағдайда, оны Банк Нысан бойынша тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасының өзгертілуіне Сіздің келісіміңіз ретінде қарастыратын болады.

Нысан бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz ішкі сайтынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз, сондай-ақ, сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) Банктің Байланыс-орталығына хабарласуларыңызға болады.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру