Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тұрғын үй техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

Тұрғын үй техникалық сипаттамаларының өзгергені туралы хабарландыру

26 ақпан 2020
Құрметті салымшылар!

2019 жылғы 01 сәуірден бастап 29 сәуірге дейінгі кезеңде «Қостанай каласы, Юбилейный шағын ауданындағы №8 тұрғын үй» нысаны бойынша (әрі қарай-Нысан) «Кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты аясында «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысуға (әрі қарай-Бағдарлама) өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобасын іске асыру үшін салымшылардың дауыс беруі өткізілді.

Салымшылардың дауыс беруінің нәтижесі бойынша (салымшылардың өтініштерін қабылдау) Нысан келісілді деп танылды және Банк салымшыларына Нысаннан тұрғын үй берілу мүмкіндігі анықталды.

Банкке ЖАО тарапынан келіп түскен хатқа сай, тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары өзгертілді. Заңды мекенжайы тағайындалды: Юбилейный шағын ауданындағы №18 үй және нысан бойынша тұрғын үйдің 1ш.метрінің бағасы 140 000 теңгеден 136 956,20 теңгеге өзгертілді.

Салымшылар осы өзгертулермен келіспеген жағдайда, Банкке хабарласу арқылы Бағдарламаға қатысуға берген өтініштерін жойып тастай алады.
Сонымен қатар, егер осы хабарландыру Банктің интернет-ресурсына орналастырылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде салымшыдан өтінішті жою туралы өтініш келіп түспесе, онда Банк осы өзгертулерге салымшы келісімін берді деп есептейтін болады. Бағдарламаға қатысуды жалғастыруға ниетті салымшыларға Банк тұрғын үй өткізуді бағдарлама тәртібінде және талаптарында жалғастырады.

Осы нысанға дауыс берген және Бағдарламаға қатысуға өтініштерін жойған Банк салымшылары Банк іске асыратын басқа да тұрғын үй құрылыс нысандарының өткізілуіне дауыс беруге қатыса алады.

Өткізілуі жоспарланып отыратын Нысандар бойынша жаңалықтарды Банктің www.hcsbk.kz , baspana.kz интернет-ресурсынан бақылап отыруларыңызды сұраймыз.
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, Банктің Байланыс-орталығына 300 нөмірі бойынша (ұялы байланыстан тегін) хабарласуыңызды сұраймыз.

Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру