Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тікелей үйді сату туралы хабарландыру «Өз үйім» бағдарламасы бойынша

Тікелей үйді сату туралы хабарландыру «Өз үйім» бағдарламасы бойынша

18 августа 2022

Құрметті, салымшылар! 

Нысан: ««Шымкент қ., Игілік м/а (Жана Талам а.) "Igilik Park" тұрғын үй кешенінің көп пәтерлі тұрғын үйлерінің құрылысы. 1 кезек. (сыртқы инженерлік желілерсіз) №1 үй»», нысан коды- №2423, ЖК "Қарлығаш".

Орналасқан мекенжайы: Шымкент. қ, м-аАбайский, т.м. Игилик,697/4 ү.

Тапсырыс жасаушының аты-жөні: «Берен» ЖШС.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 05.04.2022 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 290 000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3

«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жинақтары болуы керек.

Тұрғын үйге брондағаннан кейін, төлемқабілеттілігін растаған кезде өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 50% болуы керек.

Несие бойынша сыйақы - жылдық 3,5% -дан 7% -ға дейін

Пәтер саны: 12
Пәтер түрі: 2-бөлмелі: 10- пәтер, максималды көлемі – 71,90 ш.м.;
Пәтер түрі: 3-бөлмелі: 2 - пәтер, максималды көлемі – 86,90 ш.м..

«Өз үйім» бағдарламасына өтінімдерді тікелей сату арқылы қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 22.08.2022 ж. сағат 10:00 -нан 22.10.2022ж. сағат 19:00 дейін.

Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.

«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.

Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.

Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.

Өтініш беру Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің otbasybank.kz интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.

Пәтерге қол жеткізудің 5 басты қадамы:
1. Банкте жинақтау шотын ашып және пәтерді таңдау!
2. Банкке құжаттарды өткізіп үлгеру!
3. Банктен қарыз алу туралы өң шешімін алу!
4. Пәтерді сатып алу шартын жасап, несиені алу!
5. Енді пәтеріңіз сіздікі!
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!!!

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру