Құрметті, салымшылар!
""Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрі-Банк) «Өз үйім» бағдарламасы «тұрғын үй салушының жеке қаражаты есебінен» бағыты бойынша тұрғын үйді тікелей сату арқылы сату туралы хабарлайды.
Нысан: "ШҚО Өскемен қаласында №13 учаскесі, 19 - шы тұрғын ауданында 5-қабатты тұрғын үй құрылысы" нысан коды-2519.
Орналасқан мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 6 үй.
Тапсырыс жасаушының аты-жөні: "ПСК ӨСКЕМЕН-ҚҰРЫЛЫС" ЖШС
Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: 17.03.2022 жыл.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 350 000 теңге.
Жайлылық сыныбы: 3
Пәтер саны: 29
«Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтініш беру үшін өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында кемінде 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жинақтары болуы керек.
Тұрғын үйге брондағаннан кейін, төлемқабілеттілігін растаған кезде өтініш берушінің жинақ шотында тұрғын үй құнының кемінде 50% болуы керек.
Тұрғын үй несие бойынша сыйақы - жылдық 3,5% -дан 5% -ға дейін
Аралық несие бойынша сыйақы - жылдық 7%
«Өз үйім» бағдарламасына өтінімдерді тікелей сату арқылы қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі: 15.11.2022 ж. сағат 10:00 -нан 14.12.2022ж. сағат 23:00 дейін.
Бір пәтерге өтініштердің саны шектеусіз.
«Өз үйім» бағдарламасы бойынша күнімен және уақытпен бірінші өтініш берген клиентке, пәтердің брондауы бекітіледі.
Клиенттердің кезекте тұрған ақпараты, жеке кабинетте көрсетілген.Егер бірінші клиент өтінішті жойса, немесе біліктіліктен өтпесе, Банктің Otbasybank.kz.интернет-ресурсында кабинетіндегі келесі тізімдегі клиентке 24-сағат ішінде өтінішке қол қою мүмкіндігі беріледі, содан кейін Банктің филиалында біліктілікті тапсырады.
Іріктеу (төлемқабілеттілігін бағалау) әрбір клиент үшін мерзімі: 5 (бес) жұмыс күні.Өтініш беру Банктің Otbasybank.kz.интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде және/немесе Банктің Otbasybank.kz.интернет-ресурсынан толығырақ танысуға болады.
Пәтерге қол жеткізудің 5 басты қадамы:
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!!!
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!