Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Көкшетау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

Көкшетау қаласында «Өз үйім» бағдарламасы бойынша тұрғын үй нысанына дауыс беру туралы

4 декабря 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - банк) «Өз үйім» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй құрылыс нысанына дауыс берудің басталғаны туралы хабарлайды (әрі қарай- бағдарлама).

Нысан: 108 пәтерлі 9-қабатты "Жағалаудағы үй" тұрғын үй кешені. Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Осипенко көшесі, 1/2 үй мекенжайында орналасқан.

 Құрылыс компаниясының атауы: «К.Г.С. Сауда» ЖШС.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегі.
Бекітілген жобаға сәйкес тұрғын үй толық даярлықта тапсырылады.
Үйдің 1 ш.м. бағасы: 160 000 теңге
Комфорттық класы: 3 класс
2 бөлмелі пәтер: 11 пәтер, 69 ш.м.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысу мерзімі: 2017 жылғы 6 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейін.
Баллдарды есептеу мерзімі: 2017 жылғы 22 желтоқсан
Квалификация мерзімі: 2018 жылғы 12 ақпаннан бастап 23 ақпанға дейін.
Үй таңдау мерзімі: 2018 жылғы 12 ақпаннан бастап 28 ақпанға дейін.
Пәтер үйлестіру күні: 1 наурыз 2018 ж.

«Өз үйім» бағдарламасына қатысушының тұрғын үй құрылыс жинақтау шотында 500 000 (бес жүз мын) теңгеден аз болмауы керек.
Алдын-ала займ түрін алу үшін өтініш берушінің жинақтау шотында тандалған пәтер бағасының кемінде 30% мөлшерінде жинақ қаражаты болуы қажет.
Егер өтінішті қабылдау мерзімі аяқталған күні өтініш берушінің саны жеткіліксіз болса, банктің ішкі құжаттарына сәйкес, берілген өтініштер автоматты түрде жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде, ғимарат қасбеттерінің суреттері және пәтерлердің жобалауымен Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсынде танысып, көруіңізге болады.
Пәтерлерді бөлу тәртібі банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру