Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Көкшетау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталғаны туралы

Көкшетау қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталғаны туралы

17 қаңтар 2019
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасының «Жеке құрылыс салушылар тарапынан тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағыты бойынша өтініштер қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру үшін дауыс беру басталғаны туралы хабарлайды.

Нысан: Ақмола облысы, Кокшетау қаласы, Сарыарқа ш/а, 8/4 үй мекенжайы бойынша орналасқан 130 пәтерлі тұрғын үй.

Құрылыстың жоспарланған аяқталу мерзімі: ақпан 2019 жыл.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: «таза» әрлеуде 157000 теңге.

Жайлылық сыныбы: 3 класс

Пәтер саны: 86 пәтер

Пәтер түрі 1 бөлмелі: 21 пәтер, ең үлкен аумағы 42,4 ш.м.,

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 11 пәтер, ең үлкен аумағы 58,8 ш.м.

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 7 пәтер, ең үлкен аумағы 60,5 ш.м.

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 8 пәтер, ең үлкен аумағы 64,2 ш.м.

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 8 пәтер, ең үлкен аумағы 65,2ш.м.

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 10 пәтер, ең үлкен аумағы 67,5 ш.м.

Пәтер түрі 2 бөлмелі: 5 пәтер, ең үлкен аумағы 67,1 ш.м.

Пәтер түрі 3 бөлмелі: 16 пәтер, ең үлкен аумағы 88,5 ш.м.

Қатысуға өтініш қабылдау мерзімі: 18 ақпан 2019 ж. бастап 18 наурыз 2019 ж. дейін

Баллдар есептелінетін күн (Үміткерлерді іріктеу): 19 наурыз 2019 жыл

Пулға қатысуға арналған өтінішті Банктің интернет-ресурсында беруге болады. Өтініш беру күні мен уақыты берілген балл санына және өтініш берушілердің кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініш тек Банк салымшыларынан қабылданады.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуға өтініш беру арқылы Банк салымшылары Нысанға және оның әрі қарайғы өткізілуіне дауыс береді.
Өтініш берушінің жинақ шотында кемінде 500 000 теңге көлемінде тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы болған жағдайда пулға қатысуға өтініш беруге болады.
Өтініш берушінің тұрғын үй құрылыс жинақ шотында таңдалған пәтер құнының кемінде 20% көлеміндегі тұрғын үй құрылыс жинағы болғанда алдын ала тұрғын үй заемын алуға өтініш беруге болады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фото-суреттерін Банктің baspana.kz және/немесе www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.
Бұл туралы бөлісіңіз:
Сіз aлаяқтардан зардап шектіңіз бе?
Сізге алаяқтар телефон арқылы соқты, жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Сізден ақша алынған, Сіз кредит ресімдөдіңіз немесе алаяққа ақша аудардыңыз
Алаяқтардың әрекеттері *
Телефон арқылы байланысты
SMS немесе мессенджер арқылы хабрлама жазды
Жалған сайтты не әлеуметтік желідегі аккаунты таптым
Тіркелген файлдар
Файл көлемі 12 Мб-тан аспауы керек.Сіз 10 файлға дейін тіркей аласыз

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру