Құрметті салымшылар!
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына (әрі қарай - Бағдарлама) қатысу үшін өтініштерді қабылдау арқылы тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыруға дауыс беру туралы хабарлайды.
Нысан: «Арай алқабындағы 80 пәтерлі тұрғын үй», Тараз қаласы, «Арай» алқабы, 4 телім, 1 белгі, мекенжайы бойынша орналасқан.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың ақпан айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 141 075 «таза» әрлеудегі теңге
Жайлылық класы: ІV
Пәтер саны: 80
1-бөлмелі пәтер түрі: 40 пәтер, максималды көлемі – 38,05 ш.м.,
2-бөлмелі пәтер түрі: 20 пәтер, максималды көлемі – 58,33 ш.м.,
3-бөлмелі пәтер түрі: 20 пәтер, максималды көлемі – 76,44 ш.м.
Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 9 қарашадан бастап 4 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 5 желтоқсан 2016 жыл
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Банк салымшылары Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру арқылы Нысанды іске асыруға келісу үшін дауыс береді. Нысанды келісу кезінде, салымшылардың өтініштері әрі қарай Бағдарламаға қатысу үшін қабылданады. Банктің ішкі құжаттарына сәйкес салымшылардың өтініштерінің саны Нысанды келісу үшін өтініштерді қабылдауды аяқтау күніне дейін Банкке жеткілікті түрде берілмесе, берілген өтініштердің автоматты түрде күші жойылады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Банктің Байланыс-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!