Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тараз қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша іріктеудің басталуы туралы

Тараз қаласында «Нұрлы жол» Бағдарламасы бойынша іріктеудің басталуы туралы

10 августа 2017
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Нысан құрылысының аяқталуына байланысты іріктеуден өту қажеттілігі (төлемқабілеттілігін бағалау) туралы хабарлайды.

Нысан: «Тараз қаласы, «Арай» алқабында орналасқан 80-пәтерлі тұрғын үй, № 2 жер телімі, № 3-ші белгі», нысан коды 315.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2017 жылдың мамыр айы.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 116 000 теңге «таза» әрлеудегі.
Жайлылық класы: ІІІ
Пәтер саны: 42,
Пәтер түрі: 2-1, 2-2, 2-3, 2-4: 15 пәтер, максималды көлемі 62,85 кв.м.
Пәтер түрі:2-5: 4 пәтер, максималды көлемі 83,42 ш.м.
Пәтер түрі:3-1, 3-2: 11 пәтер, максималды көлемі 91,66 ш.м.
Пәтер түрі:3-1, 3-3: 8 пәтер, максималды көлемі 95,51 ш.м.
Пәтер түрі: 4-1: 4 пәтер, максималды көлемі 110,69 ш.м.

Қатысу үшін өтініштерді (дауыс беру) қабылдау мерзімі: 2017 жылғы 15 тамыздан бастап 3 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу) Нысан келісілген жағдайда: 4 қыркүйек 2017 жыл.
Іріктеу мерзімі (төлемқабілеттілігін бағалау): 2017 жылғы 11-ші қыркүйектен бастап 2017 жылғы 22-ші қыркүйекке дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үй тандау кезеңі: 2017 жылғы 11-ші қыркүйектен бастап 2017 жылғы 4-ші қазанға дейін (қоса алғанда).
Тұрғын үйді бөлу күні: 2017 жылғы 5-ші қазан.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Толығырақ өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптарымен танысу, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде көруге болады.

Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру