Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы | Нысан: «Тараз қаласы, Маяковский көшесі, 42-Б» мекенжайында орналасқан 50-пәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1120.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қосымша байқау туралы

19 қараша 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру» бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде қосымша байқау өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Нысан: «Тараз қаласы, Маяковский көшесі, 42-Б» мекенжайында орналасқан 50-пәтерлі тұрғын үй, нысан коды 1120.
Құрылыстың жоспарлы аяқталу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйек айы
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің бағасы : 190 000 теңге «таза» әрлеуде.
Комфорттық дәрежесі- 3
Пәтер саны: 25 (жиырма бес),
Пәтер түрі: 1: 10 пәтер, максималды көлемі 44.97 ш.м.;
Пәтер түрі: 2: 10 пәтер, максималды көлемі 65.82 ш.м.;
Пәтер түрі: 3: 5 пәтер, максималды көлемі 80.18 ш.м.;
Қатысу үшін өтініштерді (дауыс беру) қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 21 қарашадан бастап 2018 жылғы 13 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).
Нысан келісілген жағдайда баллдарды есептеу күні (үміткерлерді іріктеу): 14 желтоқсан 2018 жыл.
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, www.baspana.kz интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Толығырақ өтініш берушілерге қойылатын біліктілік талаптарымен танысу, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz, baspana.kz интернет-ресурсында "Қолжетімді тұрғын үй" бөлімінде көруге болады.
Бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Іріктеу үшін құжаттар тізімі (төлемқабілеттілігін бағалау) Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру