2016 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінiң 2016 жылдың 21 маусымынан бастап күшіне енетін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» бұйрығы жарияланды. Бұл құжаттың толық мәтінімен осы жерде танысуға болады.
Өтемақы 2016 және 2017 жылдары екі транш бойынша төленетін болады. Яғни, қол қойылған қосымша келісімі бар салымшыларға және өтініш берген заемшыларға 2016 жылдың 1 тамызына және 2017 жылдың 1 маусымына дейін төленеді.
Өтемақыны есептеу тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарының сомасына қарай, 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күнінің соңына дейін, шотта ақша бар болса жүзеге асырылады. Салымшының тұрғын үй құрылыс жинағында екі немесе одан да көп салымы бар болса, өтемақы тұрғын ұй құрылыс жинағындағы әр салымына төленетін болады.
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!