Қазақстанның Отбасы банкі жаңалықтары
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қосымша конкурс өткізілетіндігі туралы

22 февраля 2018
Құрметті салымшылар!

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (әрі қарай-Банк) «Жергілікті атқарушы органдар арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы қосымша конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды.
Нысан: «Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы, 6 ықшам аудан, д.4А» мекенжайы бойынша орналасқан 159 пәтерлік тұрғын үй.
Құрылыс аяқталған. Нысан эксплуатацияға берілді.
«Таза» әрленген тұрғын үйдің 1 ш.м. бағасы: 140000 теңге.
Жайлылық сыныбы: IV
Пәтер саны: 159
Пәтер түрі 2, 1-бөлмелі : 2 пәтер, ең жоғарғы ауданы 49,02 ш.м;
Жобаға қатысу үшін өтініш беру мерзімі: 27.02.2018ж-05.03.2018ж дейін.
Біліктілік мерзімі (төлем қабілеттілігін бағалау): 13.03.2018ж.-19.03.2018ж. дейін.
Тұрғын үйді таңдау мерзімі: 13.03.2018ж.-29.03.2018ж. дейін.
Тұрғын үйді бөлу күні: 30.03.2018 жыл
Өтінішті Банктің www.hcsbk.kz, pn.hcsbk.kz. интернет-ресурсындағы «Жеке кабинетте/Интернет-банкте» беруге болады. Өтініш беру күні және уақыты өтініш берушінің иеленген баллдары мен кезектілігіне әсер етпейді.
Өтініштер Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, Құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетін және пәтерлердің жоспарлануын Банктің www.hcsbk.kz , pn.hcsbk.kz интернет ресурсында «Қолжетімді тұрғын үй» бөлімінде егжей-тегжейлі танысып, көруге болады.

Пәтерлерді бөлу тәртібі Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Біліктілікке (төлем қабілеттілігін бағалауға) қажетті құжаттар тізімін Банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында көрсетілген.

Бұл туралы бөлісіңіз:

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру