«Свой дом» бағдарламасындағы нысанға қатысатын салымшылар үшін: Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы ауданы мекенжайы бойынша «Кіріктірілген үй-жайы және автотұрағы бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені». (сыртқы инженерлік желілер мен қазандықсыз). «JM City Dom Park» тұрғын үй кешені (бұдан әрі – Нысан)
Құрметті салымшылар!
Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының кестеден кешігуіне байланысты, құрылыс толық аяқталып және уәкілетті органда тіркелген нысан пайдалануға беру актісін ұсынғаннан кейін қайта жалғастыруды қарастыра отырып, салымшыларға нысанның үлестерін сатып алу үшін несие беруге өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты нысандағы тұрғын үйді Банк салымшыларына одан әрі сату тоқтатылды.
Сізден Банктің www.hcsbk/kz/ немесе Otbasybank.kz интернет-ресурстарында жүзеге асырылуы жоспарланған құрылыс жобалары туралы жаңалықтарды бақылап отыруды сұраймыз.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі бойынша хабарласыңыз (Ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!