Абай облысы, Семей қ., Гагарин к-сі, 325/3 мекенжайы бойынша орналасқан «КТҮ Гагарин к-сі 325/3» нысаны бойынша «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім берген салымшылар үшін, нысан коды 2905.
Құрметті, салымшылар!
2023 жылғы «19» шілдеде «Өз үйім» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуға өтінімдер: КТҮ Гагарина к-сі, 325/3, нысан коды 2905 (бұдан әрі – нысан) бойынша қабылданды.
Банкке «"Riyad и К"» ЖШС-нен келіп түскен 2023 жылғы «20» шілдедегі № 14 хатына сәйкес пәтерлердің түрін дұрыс көрсетпеу салдарынан тұрғын үйдің пәтерлерінде техникалық сипаттамалары өзгерді:
- № 3 кіреберістегі ауданы 68,0 ш.м 2 бөлмелі пәтерлердің түрі ауданы 45,0 ш.м 1 бөлмелі пәтерлерге ауыстырылды.
- № 3 кіреберістегі ауданы 74,0 ш.м 2 бөлмелі пәтерлердің түрі ауданы 97,0 ш.м 3 бөлмелі пәтерлерге өзгертілді.
Осы өзгерістермен келіспеген жағдайда салымшылар Банкке хабарласып, «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға берілген өтінімдерден бас тарта алады.
Бұрын «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінім берген және «Өз үйім» бағдарламасына қатысуға өтінімдерін жойған Банк салымшылары басқа да құрылыс объектілері (бар болса) бойынша Бағдарламаға қатысуға өтініш бере алады.
Оtbasybank.kz Банктің интернет-ресурсында жүзеге асырылуы жоспарланған құрылыс нысандары туралы жаңалықтарды бақылап отыруыңызды сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Банктің Байланыс орталығына 300 телефоны бойынша хабарласыңыз (ұялы телефоныңыздан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!