Интернет-банк

baspana.kz

Консультанттар

Бөлімшелер мен терминалдар

Регион

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына өтемақы төлеуге бөлек шешім қабылданбақ

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына өтемақы төлеуге бөлек шешім қабылданбақ

10 Сентября 2015

ҚР Ұлттық Банкінде өткен брифингте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымдары бойынша бөлек шешім қабылданатындығы белгілі болды. 
- Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктер мен олардың салымшылары үшін өтемақы төлеу тәртібін қарастырып жатырмыз.  Ал, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қатысты Үкіметтің бөлек тапсырмасы бар. Ол – 1 қазанға дейін тетіктер әзірлеу, – деп мәлімдеді ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов. 

Осыған сәйкес, төлем тәртібінің аталған айдың соңына дейін анықталатындығын хабарлаймыз. Өтініш беру уақыты да жеткілікті болмақ. Барлық азаматтар құжат тапсырып үлгереді. Бұл үшін барлық шара жасалып жатыр. 

2015 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 492 мың шарт жасалған. Соның ішінде, 435 мың шарттың  қаражат көлемі 1 млн.теңгеден аспайды. Бұл – еліміздегі барлық теңгелей депозиттің  30%-ы. Қалған 57 мың шарттың депозитте жиналған қаражат көлемі 1 млн.теңгеден асады. Қазіргі кезде Банк ұзақ мерзімді салымдар бойынша екінші деңгейлі банктер арасында бірінші орынды иеленіп отыр. 

Мұнымен қоса, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің барлық клиенттерінің мүддесі ескерілетін болатындығын хабарлаймыз. Филиалдардың жұмысы ешқандай дүрбелең, абыр-сабыр тумайтындай, барлық азамат өтініш беріп үлгеретіндей етіліп ұйымдастырылмақ. 
  

 

Ваш город Алматы?
Да
Нет

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру

Сізбен 30 минуттан кейін хабарласады*
*жұмыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін,
ал демалыс және мереке күндері
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін