Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру.

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату арқылы тұрғын үйді сату туралы хабарландыру.

16 августа 2023

Құрметті салымшылар 

"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тікелей сату жолымен тұрғын үйді сату туралы хабарлайды.

Нысан: "9 қабатты екі секциялы ірі панельді No36 тұрғын үйдің құрылысы", орналасқан мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын алабы, Есет батыр шағын ауданы, 36Б.

Нысанды пайдалануға беру күні: нысан пайдалануға берілді.

"Таза" әрлеуде.1 шаршы метр тұрғын үйдің құны: 180 000 теңге,

Тұрғын үй бірліктерінің саны: 22 (бөлінетін пәтерлер саны),

Тұрғын үй түрі 2: 3 бөлмелі, 12 пәтер, максималды ауданы 88,6 ш. м. ;

Тұрғын үй түрі 3: 3 бөлмелі, 10 пәтер, максималды ауданы 85,5 ш. м.;

Брондау: "17" тамыз 2023 жылғы 10-00 сағ. (Астана қаласының уақыты бойынша) бастап "24" тамыз 2023 жылғы 23-00 сағ. дейін (Астана қаласының уақыты бойынша).

Өтініш берушінің жинақ шотында 200 000 (екі жүз мың) теңге кем емес тұрғын үй құрылыс жинақ сомасы бар болған кезде қатысуға өтініш беру мүмкін болады.

Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні.

Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады.

Өтініштер тек ЖАО-да кезекте тұрған Банк салымшыларынан келесі санаттар бойынша қабылданады:

1) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

3) балалар – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) көп балалы отбасылар;

5) толық емес отбасылар (2022 жылғы негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар)

Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру