Шрифт көлемі:
Сайттың түсі:
Дауыстық көмекші
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тұрғын үйді сатуға қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде тұрғын үйді сатуға қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

25 июля 2023

Құрметті салымшылар!

«Отбасы Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) «Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемдарын беру арқылы әлеуметтік несиелік тұрғын үйді сату» бағыты бойынша қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды. 2026 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасының.

Нысан: «ШҚО Өскемен қаласы Қ. Сәтпаев даңғылының бойында көп қабатты тұрғын үйлер салу. Тұрғын үй поз. 88» (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)., нысан коды 2924. Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, И. Есенберлин даңғылы, 70 үй.

Нысанды пайдалануға беру күні: 30.06.2023ж.

Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны: 200 000 теңге «таза» әрлеудегі.

Жайлылық сыныбы: 4

Пәтер саны: 45,

Пәтер түрі:1, 1-бөлмелі: 9- пәтер, максималды көлемі – 41,06 ш.м.,

Пәтер түрі:2, 2-бөлмелі: 18- пәтер, максималды көлемі – 53,88 ш.м.,

Пәтер түрі:3, 3-бөлмелі: 18- пәтер, максималды көлемі – 84,1 ш.м.

Жобаға қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі: 27.07.2023ж. бастап 02.08.2023ж. дейін.

Сатып алушылардың тізімін қалыптастыру күні (Үміткерлерді іріктеу): 03.08.2023ж.

Қатысушыларды іріктеу тіркеу күні бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу күні сәйкес келсе – қатысуға өтінімді беру күні мен уақыты бойынша.

Пулға қатысуға өтінімді Банктің интернет-ресурсында беруге болады https://otbasybank.kz/

Өтініштер тек ЖАО кезекте тұрған Банк салымшыларынан, негізгі тізімнен «Бақытты отбасы» бағыты бойынша, келесі санаттар бойынша қабылданады:

  1. мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

  2. көп балалы отбасылар

  3. толық емес отбасылар

Несие беру өтініш берушінің жинақ шотында несие сомасының 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған жағдайда мүмкін болады.

Пулға/тікелей сатуға жіберілген өтінімдерді тарату шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен, соның ішінде ғимарат қасбетінің және пәтер жоспарының фотосуреттерін Банктің https://otbasybank.kz/ интернет ресурсындағы толығырақ көре аласыздар.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына 300 нөмірі арқылы (ұялы телефоннан тегін) хабарласуыңызды өтінеміз.

Бұл туралы бөлісіңіз:

Дауыстық көмекші

сайтта дауыстық көмекшісі бар
мәтінді таңдап дыбыс деңгейі түймесін басу керек

ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!

Қоңырауға тапсырыс беру