Құрметті салымшылар!
"Отбасы банк" АҚ (бұдан әрі – Банк) Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде "Жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарды беру арқылы әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді сату" бағытына қатысуға өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлайды.
Нысан: "72 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй", орналасқан мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Уалиханова, 1/7.
Нысанды пайдалануға беру күні: желтоқсан 2022 жыл.
1 ш. м. тұрғын үйдің құны: 180 000 теңге, "таза" әрлеуде.
Жайлылық класы: 4.
Пәтерлер саны: 72,
Пәтер түрі 1-бөлмесі: 3 пәтер, максималды ауданы 59,81 ш. м.;
Пәтер түрі 2-бөлмесі: 33 пәтер, максималды ауданы 53,73 ш. м.;
Пәтер түрі 3-бөлмесі: 36 пәтер, максималды ауданы 71,74 ш. м.;
Қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі: 23.06.2023 бастап 04.07.2023 дейін (қоса алғанда).
Сатып алушылардың тізімдерін қалыптастыру (Үміткерлерді іріктеу) күні: 05.07.2023.
Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде -қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша.
Пулға қатысу туралы өтінішті https://otbasybank.kz/ жылжымайтын мүлік порталында беруге болады
Өтініштер ЖАО-да кезекте тұрған, оның ішінде "Бақытты Отбасы" бағыты бойынша келесі санаттар бойынша Банк салымшыларынан ғана қабылданады:
1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
2) көп балалы отбасылар;
3) толық емес отбасылар.
Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақтары болған кезде мүмкін болады.
Берілген өтініштерді пулға/тікелей сатуға бөлу шарттарымен, өтініш берушілерге қойылатын талаптармен, құрылыс объектісінің сипаттамасымен, оның ішінде ғимараттың қасбеттерінің фотосуреттерін және тұрғын үйдің орналасуын https://otbasybank.kz/ жылжымайтын мүлік порталынан көруге болады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Банктің Байланыс орталығына келесі нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 300 (ұялы телефоннан тегін).
ХОТИТЕ УЗНАВАТЬ О НАШИХ АКЦИЯХ ПЕРВЫМИ?!